Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қаскелеңдегі черлидинг клубы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 16 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қаскелеңдегі черлидинг клубы
22:47, 17 февраля 2017

Қаскелеңдегі черлидинг клубы


Би, гимнастика мен акробатиканы үйлестірген спорттың бір түрі – черлидинг деп аталады. Тұлғаның бойында ерік-жігер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптасыруға ықпал етіп, көшбасшылық қасиеттерді және ұжымдасып жұмыс жасауды дамытатын бұл гимнастика біздің ауданымызда да дамып келеді. Соның дәлелі ретінде, Қаскелең қаласындағы Белинский орта мектебіндегі «Eagles» черлидинг клубын атап айтуға болады.

Жалпы, бұл клубтың құрылуына ұйытқы болып, тәрбиелеуші бапкерлерді тапқан аталмыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ирина Щербина екен. Ол кісінің айтуы бойынша, бұл спорт түрін алғаш рет Ұзынағаш қаласында өткен іс-шарада көріп, танысқан екен. Мұнан кейін өзінің сыныбына ұсынып, ата-аналардың қолдауымен осы клубты ашқан. Қазіргі кезде мұнда түрлі акробатикалық жатығуларын жасап, би қимылдарын үйреніп жүрген 30-ға жуық бастауыш сынып оқушылары бар. Алайда, күн санап келушілердің қатары артуда. Сонымен қатар, черлидингшілердің көптеген жарыстарға да қатысып, бапкерлері Анна Кокореваның арқасында ауданымызды еліміздің бірталай өңірлеріне танытқан көрінеді. Соңғы Қарағанды қаласында өткен «Федерация кубогы» атты жарыста 2-орынды команда қанжығасына байлап қайтқан. Бапкерлердің айтуына қарағанда черлидинг балалардың компьютер немесе смартфондардан алшақтатып, көп уақытын, денсаулығын, өмірге деген құлшынысын күшейтіп, спортқа, дене жаттығуына деген талпынысын арттырады екен.

Қосымша ақпарат бере кетсек, Черлидинг ағылшынның «cheerleading» деген сөзінен шығып, қолдаушылар тобының белсенділері деген мағынаны білдіреді. Онда шоудың элементтері басым және би, гимнастика мен акробатика үйлестіріледі. АҚШ-та дүниеге келген спорттың бұл түрінен Қазақстандағы алғашқы фестиваль 2006 жылы Қарағандыда өткен. 2007 жылы 4 сәуірде Қазақстан черлидинг  федерациясына ресми түрде тіркеліп, ал, 27 шілдеде Халықаралық және Азиялық черлидинг федерацияларына мүше боп кірді. Қазіргі таңда, бұл спорт түрі  Астана, Орал, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Талғар, Теміртау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында қарқынды түрде дамып келе жатыр. Мәселен, Алматы қаласының өзінде онымен айналысатын 64 команда бар.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района