Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Аружан – аудан мақтанышы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 22 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Аружан – аудан мақтанышы
19:23, 10 марта 2017

Аружан – аудан мақтанышы


«Жарқын болашақ» IX қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Әнші –бұлбұлдар» бөлімі бойынша III орын, Қазақстан Республикасы Халық әртістері Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова атындағы Халықаралық әншілер байқауы «Эстрадалық ән салу» номинациясында ІІІ орын, Қарасай ауданындағы Ауғанстан ардагерлерінің кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Уақыт бізді таңдады» атты әскери-патриоттық әндер конкурсының бас жүлдегері. Міне, бұл марапаттар С. Керімбеков атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Аружан Каукенге тиесілі. Осылайша балғын балауса шағының өзінде жақсы жетістіктерге жетіп жүрген ол өзі бүгінде білім алатын мекеменің ғана емес, жалпы жерлестерінің мақтанышына айналып үлгерген.

Кішкентайынан ән- биге икемденген Аружан тоғыз жасынан бастап үш жыл бойы Қалбибі Абдуллаевадан вокалдан сабақ алған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, кішкентай қыздың бойынан үлкен дарынды көрген өнердегі аға-әпкелері, ата-анасы қолдауын аямаған. Ал, қазіргі кезде оған композитор, актер, продюсер Байғали Есеналиев демеушілік етіп, ұстаздығын көрсетіп келеді. Ал, аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі Рахила Парахатқызы да өз кезегінде білгенін үйретуден жалыққан емес.

Тағы айта кететіні, Аружан тек әнші ғана емес, таеквондодан да үздік шыққан спортшы. Ол аталған спорт түрінен Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Осы күндері жетіген аспабын үйреніп жүрген қыз бала «Бал күнім арман» атты авторлық әніне бейнебаян түсіруді де жоспарлап отыр. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген өнерпаз жұртшылықты әлі талай жарқын жетістігімен тамсандырарына сенім мол.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района