Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алатау ақындарына арналған көрме - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 24 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алатау ақындарына арналған көрме
20:49, 14 февраля 2017

Алатау ақындарына арналған көрме


Жетісу өңірінде жиырма екі музей тіркелген. Бұл мекемелердің мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеп, асыл қазыналарымызды санамыздан өшірмей, тарихымыздың таңғажайып мұраларын сақтап, насихаттау. Сондай- ақ, өскелең ұрпақты өткенімізге құрметпен қарауға баулу. Осы орайда олардың әрдайым бір-бірімен шығармашылық байланыста болып, тәжірибе алмасуы құптарлық іс. Оның айқын дәлелі ретінде бүгін Қарасай аудандық тарихи- өлкетану музейінде өткен «Алатау ақындары» атты жылжымалы көрмесін айта аламыз. Осының барысында Жамбыл ауданынан келген Жамбыл Жабаев және Үмбетәлі Кәрібаев атындағы әдеби- мемориалды музейлері өз жәдігерлерін көпшілік назарына ұсынды. Абыз ақын атындағы музей өкілдері жүз жасаған жыр алыбының тартқан домбырасын, киген шапанын, бөркін, құранды ерін, кітаптарын, портретін және марапатталған ордендерін алып келген. Бір қызығы бұл мекеменің бас сақтаушысы Жамбыл атамыздың тікелей ұрпағы Салтанат Жамбылова екен. Ал, Әуелбек Ысқақов Үмбетәлі ақынның немересі. Ол бүгінде атасының атындағы әдеби- мемориалды музейіне басшылық етеді. Олар өз тараптарынан айтыскердің киген киімдерін, тұтынған заттарын және күміс ер тоқымын алып келген.

Жылжымалы көрме ұйымдастырушылары тарихқа шолу жасап, жыр алыптарының өміріне тоқталып, келген қонақтарға кеңінен ақпарат берді. Авторлардың өлеңдерін тілге тиек етіп тағылымға толы оқиғалармен бөлісті. Осы ретте Қаныбек Мұсахан есімді жас ақын қазақтың қара домбырасымен арнау арнап, көрерменді тәнті еткенін ерекше атаған жөн.

«Мұражайлар, мұражайлар,

Тарихтан қалған онда мұралар бар,

Өткен күнді еске алам десеңіздер

Мұражайға келіңдер тірі адамдар» – деп Әуелбек Ысқақов жырлағандай музейге барып, сіз де тамашалап қайтыңыз. Аталған жылжымалы көрме ауданымызда бір аптаға жуық уақыт тұрады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района