Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Автокөліктерге жүргізілетін техосмотр тәртібі қайта қаралуы мүмкін - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 19 октября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Автокөліктерге жүргізілетін техосмотр тәртібі қайта қаралуы мүмкін
19:03, 12 Июль 2019

Автокөліктерге жүргізілетін техосмотр тәртібі қайта қаралуы мүмкін


– Техосмотр бүгінде ақша табудың жолы ғана болып қалды. Оны жөнге салғанға дейін техосмотрдан өткізуді тоқтата тұру қажет, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің антикоррупциялық саясат департамент директоры Данияр Сабырбаев. Бұл туралы ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғимаратында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мойындау керек, қазір техосмотр өзіне жүктелген функцияны орындап отырған жоқ. Бүгінде техникалық байқау біреулер үшін қосымша табыс, көлік жүргізушілері үшін артық жүктемеге айналды. Ешқандай негізі жоқ, формальды нәрсе болып кетті, – деді Сабырбаев. Сондай-ақ, оның пайымдауынша, шын мәнінде техникалық байқау ешбір негізі жоқ немқұрайлы шараға айналды. Сондықтан техникалық байқау шараларын қайта қарастыру керек.

– Біз техникалық байқауды сапалы жүргізудің тетігі дайындалғанша, оны уақытша тоқтата тұруды ұсынамыз. Осы орайда өкілетті органмен, қоғаммен, «Атамекен» ҰКП-мен бұл тақырыпты талқылауды бастауды сұраймыз. Қазіргі күйдегі техникалық байқау бізге керек пе? – деген сауалға жауап беруіміз керек. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде жүргізіліп жатқан техникалық байқаудың жағдайы қоғамдық қауіпсіздік тұрғысында қатерлі. Бұл ретте агенттіктің ұстанымына тоқталсақ, техникалық байқау стансасынан өту форматын қайта қарастыру керек, – деді Данияр Сабырбаев.

Сонымен қатар, брифингте «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай бұл салада жүргізілген мониторингтің қортындысы бойынша табылған бірқатар заң бұзушылықтарды да айтып өтті. Осы ретте автокөліктерге жасалатын техосмотр өткізу тәртібі қайта қарастырылатын болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района