Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 21 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында
10:22, 19 мая 2017

Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек деп айтылған. Осыған орай еліміздің жер- жерінде түсіндіру шаралары жүргізілуде. Бұндай жиындардың бірқатары ауданымызда да ұйымдастырылды.

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігінде Алматы облысы елді мекендерінде «Кооперацияны дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» тақырыбында аймақтық семинар- кеңесі өтті. Бұл жиын жергілікті тұрғындармен ашық сұхбаттасып, мемлекеттік бағдарламаларды жете ұғындырып, жеке кәсіппен айналысам деушілерге арналған үкімет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Джапаров жүргізген басқосуда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы  топ жетекшісі Ерлан Ильясов, Алматы облысы ауыл шаруашылығы  басқарма басшысының орынбасары Коюмчан Омаров, аталған басқарманың егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саят Сарғалдақов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облысы филиалының директоры Мади Ибадуллаев, Ауыл шаруашылығы несие корпорациясының директоры Марат Балтаев баяндама оқыды. Осындай маңызы зор кездесуге аудан тұрғындары, жеке шаруа қожалықтары, ауыл әкімдері, арнайы мамандар қатысты.

Жиын барысында әңгіменің көбі кооперация құру және мемлекет тарапынан берілетін субсидия, аз пайыздық несиеге келіп тірелді. Бір айта кетерлігі, жұртшылықтың көбі кооперацияның мәнін және үкіметтің көмегін алу жолдарын толық білмейтін көрінеді. Қысқаша айтар болсақ, ниетті, шаруашылық бағыты мен қожалығы бар бірнеше адам ынтымақтасып, тең құқылы бірлестік құра алады. Егер олардың саны 20-ға толса, субсидия алуға мүмкіндігі ашылады. Әр бағыттың өзіне тән бағдарламасы бар. Мысалы, «Ынтымақ» – етті, сүтті, көкөніс бағытында, «Береке» – мал сою орнын техникалық жабдықтауға, «Игілік» – мал басын көбейту бойынша, «Кәсіпкер» – бизнесті дамытуға арналған жобалар.

Өз кезегінде қатысушылар да үнсіз қалмады. Бірінен соң бірі көкейдегі сұрақтарын қойды. Министрліктен келген өкілге кооперация құруға қатысты ұсыныстарын білдіріп, басшылыққа жеткізуді сұрады. Ал, Ерлан Ильясов болса өз кезегінде, барлық айтылған пікірлер ескерусіз қалмай қарастырылатынын мәлімдеп, шаруалар мен кәсіпкерлерді мемлекет ұсынған мүмкіндіктен құр қалмай ел экономикасын көтеруге үлес қосуға шақырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района