Батыс Қазақстан облысына қарасты ауыл тұрғыны 172 киіктің мүйізін қораға көміп тастаған, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жаңақала ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталған. Бұл азамаи 172 киіктің мүйізін өз үйінің ауласындағы қораға жасырып, көміп тастаған.

Аталған дерек қатысты Жаңақала ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық департамент бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың тапсырмасына бойынша осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел тергеу тобы да құрылды.

Жыл басынан бері өңірде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулауға қатысты 29 қылмыс ашылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь