Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ауыл әкімдері қайта сайланады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 21 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауыл әкімдері қайта сайланады
22:39, 10 июля 2017

Ауыл әкімдері қайта сайланады


Елбасының арнайы Жарлығымен елімізде әкімдерді қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату қағидалары бекітілгені белгілі. Соған сәйкес, оларды мәслихат депутаттары жанама дауыс беру арқылы, төрт жылға сайлайды. Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев Үшқоңыр, Әйтей және Елтай округтерінде болып, халықпен жүздесіп, жергілікті атқарушы органға басшылық еткісі келетін үміткерлерді ел назарына ұсынды. Бір айта кетерлігі, бұл үш аумақ әкімдері өз лауазымдарында төрт жыл қатарынан тынбай еңбек етіп келеді. Енді, заңға сәйкес, олар қайта сынға түспек.

Аталған округтердегі жиын тізгінін аудан басшысы бірден өз қолына алып, алдымен бас қосудың мән-маңызын, себебі мен мақсатын түсіндіріп өтті. Қазір осы лауазымдағы жандардың да жаман жұмыс істемегенін, әрқайсысы қолдарынан келгенінше жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға, округті әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға барынша үлес қосқандығын сөз етті. Енді сайлауға түсетін, осы қызметке лайықты деп таңдалған азаматтардың кандидатурасын таныстырып, олардың өмір және еңбек жолдары туралы мағлұмат та берді.

Жиынға қатысып отырғандардан ой бөлісіп, пікірлерін айтуды сұрағанда барлығында да тұрғындар қазіргі әкімдеріне көңілдері толатындығын, қай елді мекенде болса да көптеген жақсы істер қолға алынып жатқандығын тілге тиек етті. Түгел мұқият тыңдаған Махаббат Садуақасұлы қалай дегенмен де бұл үміткерлердің қайсысының бағы не бабы шабатынын 9 тамыздағы аудандық мәслихат депутаттары өткізетін жанама сайлаудың нәтижесі айқындайтынын айтты. Ауылды басқару тек жалғыз әкімнің қолынан келмейтінін, оған жергілікті актив демек болуы керектігін алға тартып, көпшілікке жақсы тілегін жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района