Қауіпті бірлесіп қана жеңуге болады

0
1035

Былтырғы жылдан бері тиісті мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдармен келісілген жоспарының тармақтарына сәйкес, барлық террористік тұрғыдан осал обьектілердің басшыларымен жұмыс кездесулері ұйымдастырылуда. Осыған орай, жуырда Қаскелең қаласының әкімі Біржан Нұрлыбаевтың төрағалығымен Байжанов орта мектебінде мекемелерде экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналған жиын өтті.

Кездесу барысында жоғарыда аталған проблема кеңінен әңгіме арқауына айналып, дәстүрлі емес діни ағымдар жайында жергілікті «Түркістан» мешітінің бас имамы Ринат Ташенов мол ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, ол терроризмнің басты белгілері зорлық-зомбылық, үрей туғызушылық, кінәсіз адамдарға кесірін тигізу екенін баса айтып, олардан келер қауіп-қатер көп екенін түсіндірді. Ал, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов экстремизмге қарсы күрестің негізгі жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру екенін тілге тиек етіп, осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше болғандықтан, секталардың, экстремистік топтардың қауіптілігі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру керек екенін сөз етті.

Бас қосу соңында Біржан Арғынбекұлы жиналғандарға осы мәселеге жұмылған бір жұдырықтай қарсы тұрып, бірлесіп тиісті жұмыстарды істеуді ұсынды. Мұнан кейін, арнайы дайындалған экстремизмнің зардабтары туралы бейнеролик көрсетілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь