Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 270.4 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 131609 тг. | Величина прожиточного минимума – 29009 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ауданымыздағы электро-техникалық өнімдерді өндіретін кәсіпорын - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 23 февраля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауданымыздағы электро-техникалық өнімдерді өндіретін кәсіпорын
14:44, 11 февраля 2019

Ауданымыздағы электро-техникалық өнімдерді өндіретін кәсіпорын


«Өсер елдің өрісі кең келеді» деген. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы едәуір артып, халықтың тұрмысы да түзеліп келеді. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылдары жолдаған Жолдауларының нәтижесі, жүктелген міндеттің ерен еңбекпен өтелуі еді. Айталық, соңғы жылдардағы өлшеусіз еңбектің арқасында өңірімізде елеулі өзгерістер орын алды. Мысалы, ауданымызда жылда сапалы өнімдер шығарып, бәсекеге қабілетті бола алатын отандық кәсіпорындар саны артып келеді. Солардың бірі – ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Электро-техникалық өнімдер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аталған кәсіпорынның негізі 2014 жылы қаланып, содан бері үздіксіз жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері сапалы әрі қолжетімді бағада болғандықтан, олардың электр-техникалық өнімдері нарықта жылдан жылға үлкен сұранысқа ие болуда. Қажырлы еңбек пен тату тірліктің арқасында кәсіпорын табыстарға қол жеткізіп, еліміздің энергетикалық саласының дамуына өз үлесін қосып отыр. Бұл кәсіпорында түрлі диаметрдегі электр құрылғылары өндіріледі. Өндірістегі құрал-жабдықтардың барлығы Ресей мен Қырғызстаннан әкелінген.

Кәсіпорын күніне 70-75 мың розеткалар мен 6-7 мың ұзартқыш сымдар шығарады. Өнімдер еліміздің Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Түркістан және тағы да басқа аймақтарына жіберіледі. Сонымен қатар, Алматыдағы бірнеше құрылыс компаниялары біздің зауыттың шығарған материалдарымен жарақталған. Кәсіпорда ең алдымен үш нәрсеге баса назар аударылады. Олар – өнім сапасы, кәсіби шеберлік және іскер сенімділік.

Қазіргі кезде кәсіпорын тауарлары өз елімізден бөлек, Ресей­ мен Қырғызстан елдерінеде экс­портталады. Бұл дегеніміз, тауар сапа­сының жақсарып, өзімен қоса өзге мемлекеттің де тұты­нуы­на жара­ған­дығы. Мұнан бөлек, «ETO electric» атты брендпен шығарған қондырғыларды бірқатар аймақтағы құрылыс компаниялары да кеңінен қолданып отыр. Сондықтан, өнеркәсіп толық қуатында әрі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Электр бұйымдарын жасауға қажетті шикізаттардың бәрі Түркия, Ресей мен Қытайдан тасымалданады. Кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Барлығы да жергілікті тұрғындар. Олар жұмысқа орналасқан кезде алдымен арнайы тәжірбиеден өтіп барып қана жұмысқа орналасады.

Өндіріс орнында, директордың айтуынша, көптеген өзгерістер болады. Соның бірі ретінде 2019 жылдан бастап зауыттың түсі де, дизайны әртүрлі үйдегі жарықтарды өшіріп-қосатын басқыштарды шығаратын болады.

Бес жыл уақыт ішінде кәсіпорын үлкен белестерді бағындырған. Еңбектері еленген. Оған дәлел, Ұлттық бизнес рейтингіне сәйкес Қазақстан Республикасының үздік кәсіпорындарының үштігіне кірді және «2017 жылғы Көшбасшы» мәртебесін ие болған. Сонымен қатар, кәсіпорын жылда әртүрлі елдерде өтетін жәрмеңкелерге де қатысып тұрады.

Алдағы уақытта да зауыт ел экономикасының өркендеуі жолында аянбай жұмыс істейтініне кәміл сенеміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района