Ауданымызда «Халықтық заңгері» акциясы өтті

0
151

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтіп, оның аясында ауданымыздың заңгерлері мен адвокаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа тегін құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Параграф» ақпараттық жүйесі Zakon.kz желілік басылымымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірігуімен ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, оларға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Шара барысында түрлі салалардағы 15-тен астам мамандар, атап айтқанда, аудандық прокуратура, әділет басқармасы, сот, миграция, халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту, сәулет және қала құрылыс бөлімдерінін мамандары мен кәсіби адвокаттар мен нотариустар аудан тұрғындарына кеңес берді.

Халық арасында жиі кездесетін мәселелер — тұрғын үй шаруашылығы, көше жолдары, жәрдемақы мен заңдық тұрғыдағы көмектер болды. Сонымен қатар, акция барысында аудан тұрғындары құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелерімен жүгінді, соның ішінде негізгі мәселелер – еңбек, тұрғын үй, жер заңнамасын бұзу мәселелері бойынша да көптеген сұрақтар қойылды. Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша түсіндіру сипатында толыққанды жауаптар беріліп, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға тәжирібелі заңгерлер мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары тегін ақыл-кеңес, бағыт-бағдар берді.

Айта кетейік, мұндай акция 2013 жылдан бері барлық өңірде ұйымдастырылып келеді. Биылғы шара бір мезетте облысымыздың барлық аудандарында өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь