Ауданымызда Алғыс айту күні аталып өтілді

0
1377

Жайма шуақ көктемнің бірінші жұлдызымен тұспа-тұс келген «Алғыс айту күні» мен «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты ауданымызда мерекелік концерт ұйымдастырылды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде болған мерекелік кездесуде алдымен өткен ғасырда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы ашып, қарасайлықтарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Одан соң, ауданымыздағы кәсіпкер Азим Абдуллаев, Іргелі ауылдық окруктің әкімі Қадірбек Атшабаров, облыстық «Жетісу» газетінің Қарасай ауданы бойынша меншікті тілшісі Қуат Қайранбаев пен «Жетісу» ауыл шаруашылық кооперативінің директоры Жанат Исағұлов облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың атынан Елбасының саясатын насихаттап, партияның қалыптасу жолында атқарған жұмыстары мен Отанымыздың өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Жандарбек Далабаевтың атынан 20 жылдық тарихы бар партияның жетістіктеріне белсене атсалысқандары үшін ауданымыздың өркендеуі жолында әр салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.

Шара барысында өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмір үшін өз алғыстарын білдірді. Мерекелі жиынның соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, көңілді кешке ұласты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь