Четверг, 22 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауданымызға жылжымалы хайуанаттар бағы келді
23:09, 26 марта 2017

Ауданымызға жылжымалы хайуанаттар бағы келді


«Фортуна» жылжымалы хайуанаттар бағы Ресейдің Петегорск қаласында құрылып, жұмыс істеп келе жатқанына 12 жыл болған. Осы уақыт аралығанда барлық ТМД елдерін саяхаттап, 30-ға жуық әртүрлі аңдарды тамашалауға мүмкіндік береді екен. Мысалы, аң патшасы арыстан, гималай аюы, пума, қиыр-шығыс қабыланы, құлан тұқымдас аласа жылқы және тағы басқалар. Ал, олардың ішінде сирек кездесетін ақ жолбарыс пен қара теңбілшер де бар. Наурыз айының 18-нен бастап Қаскелең қаласында осы «Фортуна» жылжымалы хайуанаттар бағы өз есігін ашып, жергілікті тұрғындарға, оның ішінде әсіресе, балаларға үлкен қуаныш әкелді. Аталмыш қонақтар «Алтын ауыл» ықшам ауданының жанына жайғасып, хайуанаттар бағынан бөлек, «Қисық айналар» мен «Аққу» аттракционын қойып, сонымен қатар, «Тир»  ойын-сауық құрылғыларын да орналастырған.

Жалпы, бұл табиғаттың тамаша жануарларын көру үшін, үлкендерге билет ақысы 1000 теңгені құраса, жасөспірімдерге 800 теңге. 3 жасқа дейінгілер тегін көре алады. Алайда, олар біздің ауданда 28-ші наурызға дейін болып, ары қарай Қапшағай, Талдықорған қалаларына жол тартпақ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района