Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Аудандық мектеп лигасы – 2018 - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 20 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Аудандық мектеп лигасы – 2018
10:33, 21 февраля 2018

Аудандық мектеп лигасы – 2018


Кеше, Алтын ауыл мектебінде «Аудандық мектеп лигасы – 2018» атты спорттық жарыстың ашылу салтанаты болды. Биыл, облыс көлемінде бірінші рет ұйымдастырылған сайыстың басты мақсаты 2016 – 2019 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруге және ғылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Саламатты өмір салты насихатталған бұл ауқымды шараның құрметті қонақтары ретінде Алматы облысы білім басқармасы дене шынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосалқы білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығының директоры Досет Байдильдин, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов таныстырылып, көпшілік алдында құттықтау сөз сөйледі.

Жалпы, бұндай мектеп лигаларының спорттық жарыстары үш кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, іріктеу кезеңінде мектептің құрама командасы құрылса, кейінгілерінде аудан және облыс бойынша жеңімпаздар анықталады.

Бұл лигада ауданымыздың 51 мектебінен іріктелген командалар тоғыз құмалақ, шағын футбол, баскетбол, волейбол, эстафеталық жарыстар сияқты спорт түрлерінен бақ сынайды. Оның алғашқысы кеше шахматтан өтті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района