АУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ  КЕЗЕКТЕН  ТЫС  СЕССИЯСЫ

0
2502

Өткен жұмада алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVII сессиясы болды. Сессияны оның төрағасы Жанар Кулиева ашып жүргізіп отырды.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

  1. №17 Жамбыл ауылдық сайлау округі депутатының өкілеттігін тоқтату туралы.
  2. Қарасай аудандық мәслихатының хатшысын сайлау.
  3. Қарасай ауданының ауданы әкімі Махаббат Бигелдиевтің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.
  4. Қарасай ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу.
  5. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралар алдында мәслихат депутаттары және сессияға қатысып отырған округ әкімдері, бюджеттік мекеме басшылары, басқарма, бөлім жетекшілері мезгілсіз қайтыс болған аудандық мәслихаттың хатшысы Қалиев Еділ Әбуұлын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Мұнан кейін №17 Жамбыл сайлау  округінен сайланған Е. Қалиевтің депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутат Атлана Исаева сөз алып,  аудандық мәслихаттың хатшылығына депутат А. Көшкімбаевты ұсынды, оның кандидатурасының аудан әкімі М. Бигелдиевпен келісілгенін айтты. Сондай-ақ, депутат  Бауыржан Айнабеков сөйлеп, бұл ұсынысты қолдады.

Депутаттардың бір ауызды дауыс беруімен Айтбай Жексембайұлы Көшкімбаев аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Келесі кезекте жартыжылдық жұмыс туралы аудан әкімі М. Бигелдиев аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.

Үстіміздегі жылдың  алғашқы алты айында ауданда көптеген ауқымды жұмыстар атқарылған. Олар негізінен Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай жүзеге асырылған. Президент пен Үкімет тапсырмалары,  мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы басты назарға алынған. Жартыжылдық қорытындысы аудандағы барлық сала жұмысының ілгерілегенін көрсетеді. Яғни, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ойдағыдай болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілген.

«Әрине, қол жеткенге қанағаттануға болмайды, әлі де алда тұрған міндеттер, атқарылатын істер көп, – деді Махаббат Садуақасұлы, – Қарасай ауданы өз биігінен келешекте де төмендемеуі тиіс. Экономиканы одан әрі дамыту, әлеуметтік саланы көтеру, кәсіпкерлікке кең жол ашу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау бағытында  іске асырылар жұмыстар аз емес. Сондықтан  бәріміз де үлкен мақсаткерлікпен, барынша жауапкершілікпен еңбек етуіміз керек. Бұл ретте халық қалаулылары – депутаттар да ел игілігі үшін аудан  әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарғаны дұрыс.»

Мұнан кейін №13 Жандосов сайлау округінен депутат Қуаныш Баяманов сөйлеп, өткен жартыжылдықта ауданда көп жұмыс атқарылғанын атап өтті, аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Барлық басқа депутаттар да оны қолдап, сессия аудан әкімі М. Бигелдивтің  есебін назарға алу туралы шешім қабылдады.

Сессияда аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізіліп, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь