Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясы
20:19, 26 февраля 2018

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясы


Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен жиынжайында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Депутат Б.Айнабеков төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, аудан активі, қоғамдық ұйым өкілдері қатысып отырды.

Алдымен аудандық экономика бөлімінің басшысы Д.Сансызбаев   «Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарасай ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 22-3 шешіміне өзгерістер енгізу» мәселесі бойынша баяндама жасап, ағымдағы жылдың 20 ақпанында облыстық мәслихат сессиясында жоғарыда аталған мерзімге бюджеттік өзгерістер енуіне байланысты, ҚР Бюджет кодексінің 106 бабына сәйкес, аудан қазынасының көрсеткішіне кіретін бірқатар өзгерістерді айтып өтті. Ал, кейінгі үш мәселеге қатысты ортаға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Қыйлыбаева шығып, Қарасай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне ай сайынғы әлеуметтiк көмек көрсету , еңбек өтілін анықтайтын аудандық арнаулы комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы сөз қозғады. Бұл ретте біріншісі бойынша, биылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру барысында қолданыстағы үш жәрдемақыны біріктіру негізінде, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілгені, ол шартты және шартсыз ақшалай көмек болып екіге бөлінетіні айтылды. Жыл басынан ол 77 отбасына, оның ішінде 427 адамға тағайындалып төленген. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілуде. Белгілі болғандай, өткен жылы 28 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері тіркеуде тұрса, бүгінде олардың саны 19-ға тең. Республика заңына сәйкес, оларға ай сайынғы бюджет қаражаты есебінен үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалуы тиіс.

Бұдан бөлек, депутат А.Исаева Ұлы Жеңістің 73 жылдығына қатысты аудандық мәслихат депуттаттарының үндеуімен таныстырды. Үндеу мәтініне сәйкес, халық қалаулылары барлық қарасайлықтарды мерекеге орай, бір күндік еңбекақыларын жинақтау қорына аударуға шақырды. Ол қаражат ауданымыздың соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне нақты көмек көрсетуге жұмсалмақ.

Сессия жұмысының барысында осы және өзге де мәселелер бекітіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиынды аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы қорытындылап, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономикамызды көтере түсуге бағытталған мақсаттар жүйелі жүзеге асып келе жатқандығын тілге тиек етіп, алдағы кезеңдерге баршаға сәттілік тіледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района