Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Аудандағы түлектердің қоштасу кеші - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 23 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Аудандағы түлектердің қоштасу кеші
19:57, 12 июня 2019

Аудандағы түлектердің қоштасу кеші


Егемен еліміздің жарқын болашағы  еңсесі биік, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Яғни, білімпаз ұрпақ, талапты түлектерге артылар үміт те үлкен. Бүгін осындай, қатарластарының алды болып, мектепті үздік аяқтаған   «Алтын белгі» иегерлерін аудан әкімі Жандарбек Далабаев  арнайы марапаттады, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған Жандарбек Ермекұлы мәңгілік елдің саналы да тәрбиелі жастарын дайындауға қазыналы Қарасай жері де өзіндік үлес қосып, биылғы оқу жылында 59 оқушы «Алтын белгі», 54 оқушы «Үздік аттестат» иегері, 36 озат оқушы облыстық және республикалық пән олимпиадаларындың жеңімпазы атанып аудан абыройын асқақтата түскенін тілге тиек етіп, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты шара барысында түлектер құралған топ болып білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектептеріне ән арнап, ыстық ықыластырын білдірсе, ал, кейбірі алғыстарын әдемі тілектермен білдіріп жатты.

Сондай-ақ, «Қалбибі өнер студиясының» шәкірттері де әуелете ән шырқап, кештің көркін одан әрі аша түсті.  Мерекелік кештің соңы  түлектердің тебірене билеген қоштасу вальсімен түйінделді.  Соңынан барлығы бірігіп, түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырып, түлектерге арналған арнайы отшашу болды. Сөйтіп, тағы да бір буын көңілдегі мол арманмен алдыларынан тосып тұрған өмір жолына аяқ басты…

Атаулы шара аудан мектептеріндегі бітіруші түлектерге арналған мерекелік кешке ұласты.

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района