Ауданда ҰБТ-ның екінші кезеңі өтті

0
1077

Ұлттық бірыңғай тестілілеудің екінші кезеңі  ауданымыздағы осы аптаның сәрсенбі, бейсенбі яғни 28 және 29 күндері өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 Ұлттық бірыңғай тестілеудің ақылы бірінші кезеңі қаңтар айында  Алматы қаласындағы Нархоз университетінде өткен болатын. Оған біздің ауданнан 242 үміткер өз бағын сынады.

Еске салар болсақ, биыл Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 кезеңі бекітілді. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде 2019 жылғы маусым-шілде айларында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет.ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді. Аудандық білім бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, тестілеуде бағын сынауға  өтініш білдерген  1253 білімгер 1240 қатысты. Бірінші күні 680, екінші күні 560 оқушы өзі білімін тексерген  Сол нәтижелер негізінде жоғарғы балл 122-ны төменгі балл 38-ді   құрап отыр.

Біздің аудандағы тестілеу өткізу пункті Қаскелең қаласы, Белинский орта мектебі базасында орналасқан.  Барлығы аудитория 16 бейнебақылау камерасымен, алты металліздегішпен, 12 ұялы телефондардың сигналдарын басатын құрылғылармен жабдықталған.

Ал, грант иегері атануға ниетті білімділер тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ нәтижесімен ғана конкурсқа түсіп, бағын сынай алады.  Мәселен, маусым айларынан бөлек басқа айларда 130 ұпай алып, маусым айында 51 ұпай алып қалса, ол жоғары алған 130-бен конкурсқа түсе алмайды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь