Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 264.3 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ауданамызда ашылған «Коворкинг» орталығы (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 20 Январь 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауданамызда ашылған «Коворкинг» орталығы (Видео)
23:03, 14 декабря 2018

Ауданамызда ашылған «Коворкинг» орталығы (Видео)


Оқырманның сүйікті демалыс бөлмесіне айналатын – коворкинг орталығы бүгін біздің аудандағы Қаскелең қаласының орталық кітапханасында да ашылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсіміне аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров та қатысты. Құрметті қонақтар қатарында партия мүшелері, мұғалімдер, ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Қарасай ауданының білім беру қорының» қызметкері және БАҚ өкілдері болды. Жақында ғана күрделі жұмыстан өткен,  орталық кітапхана ішіндегі  арнайы бөлме, толықтай жастарға лайықты жасалынған.

 Белсенді жастардың білім ордасына айналатын – коворкинг орталығында емін-еркін жұмыс жасауыңызға барлық жағдай қарастырылған. Дәл осындай заманауи талапта жабдықталған кез келген компьютерлік орынға келіп, ғаламтор желісі арқылы өзіңізге қажетті ақпаратты ала аласыз.

Мұнда оқушылардың қосымша білім алуына байланысты робототехника бағытындағы сабақтар да арасында өткізіліп тұрады. Ал, орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева,  қалың оқырмандарын бос уақытын осында тиімді өткізуге шақырады.

Сондай-ақ, осындай мереке қарсаңында өскелең ұрпақ ел ағалары сияқты халыққа қызмет атқарсын деген ниетпен  оқушылардың «Жасұлан»  ұйымына қабылдау рәсімі де болды. Олар үшінде  коворкинг орталығының маңызы зор, әрі сүйікті ісін жандандыруға көп септігін тигізері сөзсіз.

Елбасымыз баян еткендей жас буынның ой-өрісі, рухани дамуы осындай ақпаратты, жаңа заман ағымымен ұштасу керек. Оның айғағы болатын осы коворкинг орталығы – оқырман білімін жаңғыртатын, рухани азықтан алыстатпай, кітап әлеміне бастар таптырмас жол деп білеміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района