Аудан жастары тегін медициналық маска таратты

0
294

Қарасайлық жастар акция аясында бірқатар ауылдардың тұрғындарын тегін бетпердемен қамтыды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Коронавирус инфекциясымен сырқаттанған адамдардың саны еліміз бойынша күн санап көбейгенімен, қазіргі уақытта басқалардың да денсаулықтары басты назарға алынып, әр өңірдегі карантиндік шаралар сақталып келеді. Осыған орай, аудан тұрғындарының ахуалына алаңдаған қарасайлық жастар кеше бірқатар өңірлерде тегін медициналық маска таратты.

Акцияға атсалысқан аудандық Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» еңбек жасақшылары Шамалған, Әйтей және Жандосов ауылдық округтеріне арнайы барып, бетпердесіз жүрген тұрғындарға 500-ге жуық көп реттік маска таратумен қатар, қауіпті індетке қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Сонымен қатар, жастар тарапы ауыл адамдарын тәртіп талаптары мен санитарлық ережелерді естен шығармауға шақырды.

Жастар ресурстық орталығының мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін аудан бойынша 7000-ға жуық медициналық маска тегін берілсе, демеушілердің қолдауымен көптеген мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізілді. Ал, жоғарыда аталған акция алдағы уақытта ауданның басқа да елдімекендерінде жалғасатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь