Аудан жастары сенбілікті бастады

0
117

Бүгін  аудандық жастар ресурстық орталығының белсенділері «Біз жастар таза қала үшін» атты акция аясында сенбілік өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ондағы мақсат – жастарды елжандылыққа баулып, тазалыққа үйрету, сонымен қатар, ортақ отанымыздың әдемі болуына, гүлденуіне және көркейуіне талпыныстарын арттыру еді. Тазалау жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауындағы жүргізілді. Жастар демалыс саябағына айналған мекенді қоқыстан  арылтты.  Қолдарына тырма, күрек алып, жұмысқа  кіріскен еріктілер  бұл іс-шараға белсене ат салысып, көмектерін көрсетті. Аудандағы көрікті жерлерді қоқыстан тазартуға  бағытталған бұл шара  наурыз айының соңына дейін созылады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь