Аудан жастары Президенттің алғашқы Жолдауын талқылады

0
735

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғаш Жолдауында жан-жақты сала қамтылған. Бұл қатарда жастардың да мәселесі айтылып өткен. Осы ретте бүгін аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында жастар жиын өткізіп, ел Президентінің жолдауын талқылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында жастар Президент Қ.Тоқаевтың қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған Жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, Мемлекет басшысының ел жастарына жасап жатқан қолдауына тоқталды.

Аталмыш отырыс барысында дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық, шетелдік ірі оқу орындарына оқуға қолдау көрсету, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою сияқты жастарды белсенді ету мақсатында енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Сондай-ақ, Жолдауда еліміздің ауылдық мектептерінде білім беру жүйесін жетілдіру, жоғары оқу орындарында білім беру сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру қажеттілігі қазіргі еліміздегі жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына берілген мүмкіндік екені де жан-жақты талқыланды. Мұнан бөлек, басқосу барысында Жандосов ауылдық округінің нұсқаушысы Альмира Кудагелдинова және Жәрдем медициналық колледжінің 3 курс студенті Дана Орынбаева сөз сөйлеп, Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салып, оның халық үшін тиімді жақтарына тоқталып өтті.

Жиын соңында жастар Жолдауда айтылған басқа да маңызды мәселелер туралы өз ойларымен бөлісті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь