Өздеріңіз білетіндей, биыл Қарасай ауданына 90 жыл толып отыр. Мерекелі мерейтойдың құрметіне орай, ауданда түрлі жұмыстар атқарылып жатса, соның бірі ретінде Қаскелең өзенінің бойында орналасқан қаладағы мына бір саябақтың қайта жаңғырту жұмыстарын айтуға болады. Көпшіліктің демалыс орнына айналған бұл саябақтың қазіргі жағдайы мынадай болса, келешектегі әсем бейнесін дәл осындай көріністе көре аласыздар!

Олай деумізге негіз болып отырған «Bey Azh Trans» ЖШС-нің ықпалы болып отыр десек артық айтқандық емес. Аталмыш серіктестік компания Қарасай ауданының 9 0 жылдық мерей тойына бір кісідей атсалысу мақсатында осы демалыс орнын бұрынғы көрінісінен мүлдем өзгеше етіп өзгертіп, жанға сая болатын саябақты күрделі жөндеу арқылы ауданымызға сый ретінде тарту етпекші.

Жалпы, қала ішіндегі бұл демалыс орны осыған дейін бірнеше рет қалыпқа келтіріліп, жөндеу жұмыстары жасалып келген. Алайда, қараусыз қалған саябаққа ешкім жанашырлық танытпағандығын қазіргі жағдайынан-ақ байқасақ болады. Келешекте қаскелеңдіктер мен қала қонақтары жаңа саябақтың айналасынан Қаскелең өзенін бір деңгейде сылдырлап ағып жатқанын тамашалап, қайың ағашының түбінде ерекше демалатындай күй кешетін болады. Одан бөлек, қонақтарын арнайы күтетін дәмханалар мен түрлі аттракциондар тұрғызылып, ескі футбол, баскетбол алаңдары қайта жаңартылатын болады. Ал, осындай ауқымды жүйелі жұмыстың іске асуын қадағалаушы «Bey Azh Trans» (жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің) өндірістік бөлімінің басшысы Дәуіржан Бақтыбайұлы, құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын айтып, алдағы уақыттағы жоспарымен де бөлісе кетті.

Өз кезегінде Дәуіржан Бақтыбайұлы осындай күрделі жұмыс кезінде тұрғындарды аса сақтыққа шақырып, қауіпсіздік жағдайын барынша қадағаласа екен деген өтінішін жеткізеді. Келешекте осындай көрікті көрініс табатын жаңа саябаққа арнайы күзет қойылып, бейнебақылаулар орнатылату жоспарда бар. Сондай-ақ, қазіргі көпірлер жаңартылып қана қоймай, серуендеушілерге қолайлы қосымша тағы бір жаңа көпір салынса, түнгі саябақтың бейнесі әдемі шамдармен жарықтанатын болады. Ауданымыздың 90 жылдығына осындай ерекше сый-тартуды ойластырған «Bey Azh Trans» мекемесінің ұжымына еңбектері елеулі болатындай толағай табыстар тілейміз. Сюжетті дайындағандар Дидар Мухамадиев және Асхат Рыспеков.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь