АУДАН ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
406

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен БАҚ өкілдерін аудан басшысы арнайы құттықтады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Қаулысымен Үкімет БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесін 28 маусымға бекіткен болатын. Айтулы күннің құрметіне орай, кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаев облыстық «Жетісу». «Огни Алатау» газеттері мен «Жетісу», «СТВ» телеарналарының және аудандық «Заман жаршысы» газетінің редакция ұжымын арнайы құттықтап, ақпарат айдынында жүретін мамандарға құрмет көрсетті.

Құттықтау барысында Жандарбек Ермекұлы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қаулысымен бекітілген осы кәсіби мерекенің жеке аталып өтілуі өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, аудандағы қаншама байыпты бастамаларды халыққа құлағдар етіп, жақсы істердің жаршысына айналған БАҚ өкілдерінің еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Азды-кем  ауданда атқарылып жатқан  жұмыстарды сөз еткен аудан басшысы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына қатысты істерге де тоқталып, оның ел арасында насихатталып жүргені осы БАҚ өкілдерінің арқасы екенін жеткізді. Қызметкерлердің ерен еңбектерін бағалап, аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзінің атынан осындай жақсы жаңалықтардың басы-қасында жүретін, Елбасы Жолдауларын халыққа дәріптеп, өздерінің кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсеткендері үшін бірқатар мереке иелерін Алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде аудан басшының мұндай құрметіне ие болған БАҚ өкілдері де өз ықыластарын білдірсе, облыстық «Жетісу» газетінің ауданымыздағы меншікті тілшісі, ақын Қуат Қайранбаев өзінің авторлық кітабын аудан әкіміне сыйға тартып, журналистер қауымы атынан ізгі тілегін, ықыласын білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь