Атақты актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті

0
199

Қазақ баласының бірнеше буыны көгілдір жәшіктен көріп өскен «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанованың рөлін сомдаған Раиса Мухамедиярова дүниеден озды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес одағының әрі қазақстандық театр және киер әртісі Раиса Мәжитқызы қараша айының бесінші жұлдызында дүниеден өтті. Бұл туралы қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.

Қазақтың «Лолобриджидасы» атанып, ондаған кеңестік фильмдерде ойнап, Мүсірепов атындағы жас көрермендер театрында қызмет еткен Раиса Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сондай-ақ, қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.

Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова рөлін сомдаған. Сонымен қатар, актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі» фильмдерінде де ойнады.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу күні мен уақыты әлі белгісіз. Оны алдағы уақытта тағы хабарлайтын боламыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь