»Ғасырға құрмет» акциясы аясында

0
1056

Жайма шуақ көгілдір көктеммен жеткен Халықаралық әйелдер мейрамы қарсанында ауданымызда 100 жасаған жер бетіне өмір сыйлаушы абыз аналарымыз ардақталды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Талай қиындыққа мойымай, сонау сұрапыл соғыс кезенін басынан кешірген нәзік жандардың, қаймықпас қайсарлығының арқасында екі дәуірде өмір сүрген нәзік жандардың қатары аз. Ал, біздің ауданымызда ғасырдан аса өмір сүрген тоғыз әжелеріміз бар екен. Олар Райымбек, Жандосов, Жамбыл ауылдық округтерінде және Қаскелең қаласының тұрғындары болып табылады. Қазыналы қарттарымызды мерейлі мерекеге орай тұрғылықты жері бойынша округ әкімдері үйлеріне арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.

Округ басшылары ардақты аналармен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, сый-сияпаттарын табыстай отырып, ізгі тілектерін білдірді. Өздеріне көрсетілген сый құрметке аналарда ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

Жалпы айтулы шара еліміз бойынша «Ғасырға құрмет» атты акциямен барлық өңірлерде өткізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь