Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 июня 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
19:16, 12 июня 2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ


Еліміздің жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтіп, алдымен көпшілік ортаға Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.

Ата Заңымызға сәйкес, жаңа Мемлекет басшыны ұлықтау кездегі дәстүр бойынша ҚР  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конситуцияға қолын қойып тұрып: – Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн, – деді.

Жаңадан сайлаған ел Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына ант бергеннен кейін Мемлекеттік гимн орындалып, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Имашев Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.

Дәл осы сәттен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ресми түрде Президенттік қызметіне кіріскен болып саналады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района