Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 264.3 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Астана Банкі» АҚ жою туралы сот шешімі күшіне енді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 20 Январь 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Астана Банкі» АҚ жою туралы сот шешімі күшіне енді
17:28, 09 января 2019

«Астана Банкі» АҚ жою туралы сот шешімі күшіне енді


«Астана Банкі» АҚ жою туралы сот шешімі күшіне енді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2018  жылдың 26 ​​қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Астана Банкі» АҚ  ҚР Ұлттық Банкінің талап арызы бойынша жойылған болатын. Ал, 2018 жылдың 28 желтоқсанда бірінші инстанция сотының шешімімен алты заңды және үш жеке тұлғалардың аппелляциялық өтініштері келіп түскендігі белгілі болды.

Бүгін Алматы қалалық соты апелляцияларды қарау нәтижесінде оларды қанағаттандырудан бас тартқаны белгілі болды. Осылайша, «Астана Банкі» АҚ-ның таратылуы туралы сот шешімі күшіне енді және кассацияға шағымдана алады.

Еске салар болсақ, 2018 жылғы 18 қыркүйекте «Банк Астана»  АҚ  банктік және басқа да операцияларды жүргізу құқығынан айыруға шешім қабылданып,  клиенттердің банктегі шоттары мен   банктің өз жұмысының жүргізілуі 19 қыркүйекте тоқтатылған болатын .

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района