Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Қаскелең автобус паркі»-не 50 жыл - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 18 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Қаскелең автобус паркі»-не 50 жыл
22:48, 17 ноября 2017

«Қаскелең автобус паркі»-не 50 жыл


Ауданымыздағы «Қаскелең автобус паркі» ЖШС ұжымы биыл 50 жылдық мерейтойын  қарсы алып отыр. Іргетасы сонау 1967 жылы құйылған мекеме қызметкерлерін құттықтау үшін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев бүгін онда арнайы ат басын бұрды.

Жүк тасымалы мен жолаушылар көлігі саласының қоғам өміріндегі айшықты орны жайлы айтқан аудан басшысы, жарты ғасыр төңірегінде тарихтан белгілі талай қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, заман талабымен үндесіп еңбек етіп келе жатқан мекеме атына жылы лебізін білдірді. Алдағы жұмыстарына да сәттілік тілей келе, ұжымға және жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Е.Әшімбайға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және өркендеуі жолындағы белсенді қызметі үшін өз атынан Алғыс хат тапсырды.

Мерекелік шара әрі қарай «У Петровича» мейрамханасында жалғасын тапты. Мұнда автопарк қызметкерлерімен қатар ардагерлері де бас қосып, салтанат иелеріне деген ыстық ықыласын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жасыбаев, автотранспортшылар одағының өкілдері де жеткізді.

Айта кетсек, «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-де бүгінде 153 адам еңбек етуде. Олардың 110-ы жүргізушілер. Барлығы 34 маршрут бойынша қатынайтын автобустар халықаралық және өңірішілік бағыттарда да халыққа қызмет көрсетуде.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района