Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ашықтыру арқылы аурудан айықтырады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 16 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ашықтыру арқылы аурудан айықтырады
20:11, 10 апреля 2018

Ашықтыру арқылы аурудан айықтырады


Бүкіл еліміздегідей, біздің Қарасай ауданында да ел игілігіне арналған кәсіптің қандай түрі мен де айналысып, өз ісіңді өрге сүйреуге барлық жағдай жасалған. Елбасының сарабдал саясатының ақасында еңбеке ұмтылған жандарға арналған түрлі бағдарламалар ойластырылып, жер-жерлерде жүзеге асып жатқаны белгілі. Алайда, мемлекет тарапынан қандайда бір көмекке қол созбай, керісінше, туған елінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, халқының жағдайын жақсарту үшін тер төгіп жүрген жандар да жетерлік. Соның бірі – ауданымызда ерекше емдеу клиникасын ашып, жаңашылдығымен жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Светлана Буханова.

Жасыратыны жоқ, бүгінде басы ауырып, балтыры сыздаған үлкен де кіші де дәріханалардың есігін тоздырып, қажет болса уыстап таблетка ішуді әдетке айналдырған. Алайда, химиялық қоспалардың дене мүшеміздің бірін емдесе, екіншісіне зиянын тигізетінін кейде аңғара бермейміз. Бұдан бөлек, жаппай халықтың тамақтану үрдісі де өзгеріп, әсіресе жас буынның түрлі фасфудтарға деген қызығушылығы арта түскен. Соның салдарынан ағзамыз қажетсіз шлактарға толып, қоғамда ауру атаулының саны да, сипаты да көбейіп келеді. Жоғарыда айтқан Светлана Аяғанқызының емдеу тәсілінің ерекшелігі сол – ол алдына келген науқасты осы бойдағы барлық керексіз заттардан ашықтыру арқылы арылтып, бүкіл дененің ғана емес, сана сезімнің жаңаланып, тазалануына жетелейді. Сол себептен де болар, Алмалыбақ ауылының аумағында, Алматы-Бішкек күре жолының бойында орналасқан «Ем қонар ХХІ ғасыр» емдеу клиникасына ел ішінен ғана емес, сырт мемлекеттерден де келушілердің саны жыл санап артып келе жатқан көрінеді.

Шын мәнінде де, дәрі-дәрмекті айтпағанда, суық тисе ыстық сүт пен сорпаға жүгіріп, тіпті, ауруханада жатқан науқастарға күш-қуат болар еп дорба-дорба тамақ таситын қарапайым халыққа керісінше нәр татқызбай дерттен аяққа тұрғызуға болатынын бірден түсіну қиын. Сол себептен де, клиникаға арнайы ат басын бұрып, аралап көріп, осындай үлкен істі қорықпай қолға алған абзал жанды әңгімеге тартқан едік.

Светлана Аяғанқызының айтуынша, клиниканың негізі 2007 жылы Шымкент қаласында қаланған. Сол жақтағы емдеу орнына 1984 жылы Алматыдағы медициналық институтты бітіргеннен кейінгі денсаулық сақтау саласында жинаған тәжірибесінен түйгенін түгелдей салып, талай нашар күйдегі науқастардың аяқтан тұруына себепкер болған. Үш жылдан соң дәрігер отбасылық жағдайымен алып мегаполис Алматыға қоныс аударып, қаланың төңірегіндегі елді мекеннен ғимарат тауып, бастаған ісін жалғастыруды жөн деп табады. Әлбетте, емдеу әдісі ашықтыру арқылы жүзеге асатынын естігенде, кез-келген адам бірден арықтауға ғана септігі тиеді деп ойлайы мүмкін. Бірақ, байқағанымыздай, тамақ ішуді тоқтату арқылы өзге де күрделі ауру-сырқаудан арылуға болатын көрінеді.

  • Біздің клиникадағы сауықтыру шаралары медицина мен халықтық ем-домды ұтымды ұштастыру арқылы жүзеге асады, — дейді Светлана Аяғанқызы. – Мысалы, науқас барлық тексеруден өтіп, диагнозы нақтыланып, он күнге жатты делік. Ол барлық жағдай қарастырылған палаталардың біріне орналастырылады. Алғашқы екі күн мүлдем ештеңе ішпейді. Осы кезде ағзадағы аурумен күрес жүреді. Үшінші күннен бастап қана бал қосылған су ішуге рұқсат етіледі. Тәулігіне екі рет әзірленген қоспа арқылы тоқ ішек тазартылып, асқазан жуылады. Қажеттігіне қарай сылап-сипау, фитотерапия тағайындалады. Күніне науқастар 4-5 шақырымға дейін жаяу жүріп, кешкісін билеп, жаттығу жасайды. Яғни, ашықтыру – әлсіретіп жатқызып қою емес, керісінше, бүкіл ағзаны керексіз зиян заттардан тазартып, жеңілдеу, өмірге мүлдем жаңаша көзқараспен қарау. Бұл ойдан шығарылған әдіс немесе жаңалық емес. Зерттейтін болсақ, ашықтырудың тарихы сонау Гиппократтың кезінен бар. Осылай деген бас дәрігердің айтуынша, толық компьютерлік нақтыламадан өткен соң, әр науқасқа жекелей белгіленген мерзімдегі бағдарлама бойынша емделу тек адамның тәнін ғана жазып қоймайды, сана да сергіп шығады. Сонымен қатар, бүкіл ағза, бауыр, ішек жолдары, тіпті, құлақ-мұрын да тазаланып, гипертония, стенокардия, бас ауруларының түрлері, гайморит, отит, бронxит, пневмония, астрит, асқазан жарасы, іш қату, панкреатит, xолецистит, өт жолдары, әйелдердегі бедеулік пен түрлі аллергиялық және басқа да аурулар емделетін көрінеді.

Бұдан бөлек, клиника ашу арқылы іскер әйел он адамды жұмыспен қамтып, оларға жақсы әлеуметтік жағдай туғызып отырғанын да айта кеткен жөн. Мұндағы іс барысында ұқыптылық пен тазалық ең алғашқы орынға қойылған. Үш ай сайын ыдыс-аяқ, төсек-орын жаңартылып, әр бөлме күніне бірнеше рет жуылады. 25 төсектік әр палатада науқастар үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Біз пікірін сұраған Ольга Николаевна Украинадан осымен екінші рет келіп, қаралуда. Көктем, күз мезгілдерінде қоза түсетін аллергиялық аурудан арылу үшін сонау жақтан арнайы келген. Себебі, мұндағы емдеу ақысы ол үшін қолжетімді. Ал, Қырғызстанның Бішкек қаласынан жеткен Ирина есімді әйел осы клиниканың шапағатын көрген таныстарының жылы лебізін естіп, ағзасын тазалауға, сол арқылы салмақ тастауға ниетті. Екеуі де орналасқан төрт күннен бері жағдайларының айтарлықтай жақсарғанын сөз етіп, көрсетілетін қызмет сапасының жоғарылығын әңгімелеп, Светлана Буханова басқаратын ұжымға шексіз ризашылықтарын білдірді. Ал, тараздық Зухра Кубенова болса, өт жолының дертінен былтыр күзде осында қаралып айыққанын, биыл қосымша тексеріліп, денсаулығын нығайта түсуге қайта келгенін айтты.

Шын мәнінде де, адам ағзасындағы аурулардың 80 пайызы астан болатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Яғни, осыдан-ақ, дене мен сананы тазалап тұрудың қажеттігі айқын. Ал, «Ем қонар ХХІ ғасыр» клиникасы бұл үрдісті жүйелеп, дұрыс жолға қойып алған сыңайлы. Ең бастысы – Светлана Аяғанқызы бұл кәсіпті бизнестен гөрі, ұрпағына қалдыратын аманат, үлкен мирас деп түсінеді. Сондықтан да, әр келген науқасты тікелей өзі қабылдап, оның емдеу орнынан жүзінде нұр ойнап шығуы үшін барын салады. Ал, олардың әрқайсысының шынайы алғысы оны алға қарай жетелей бермек.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района