Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етіледі

0
295

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім жәнем ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушыға оқулықтар берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Біз оқулық жеткізу және басып шығару бойынша жұмыстар жүргіздік. Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етеміз. Бұл өте маңызды. Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні жаңа оқулықтарды аймақтарға жөнелту жұмыстары басталды.

– Былтыр жыл соңында шығарылған оқулықтарды да тамыз айынан бастап өңірлерге жібереміз. Адамдар көп жиналып қалмайтындай етіп ұйымдастырамыз. Арнайы кесте қойылып, қажет жерде әріптестеріміз, волонтерлер көмектесетін болады. Эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етпейтіндей етіп жұмыс істейміз, – дейді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь