Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

0
433

Ауданымызда орналасқан «Атамекен» музейінде «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

31 мамыр – қазақ тарихында қаралы күн. Қылышынан қан тамған ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық кезінде қайтыс болғандарды еске алу күні. Дәл осы күні Сәбеттің құрсауынан босап, азаттық алуға талпынған Алаш зиялыларын ардақтайтын күн. Осыған орай кеше ауданымыздағы «Атамекен» музейінде «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында жиын өтті. Тарихымыздағы қайғылы да қасіретті жылдарды еске алуға арналған шараға «Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының» ғылыми қызметкері Нұрлыбек Досымбетов, білім бөлімінің әдіскері Ерлан Сейілханов пен ауданымызға қарасты білім ордаларанының тарих пәні мұғалімдері қатысты. Алдымен жиынға қатысушылар «Қасірет» кешені жанына жиналып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Жиынды «Атамекен» музейінің ғылыми қызметкері Қыдыр Нұрғожа ашып, бүгін азалы тарихымызға бас ие отырып, аяулы азаматтар рухына тағзым ету, өткенімізге салауат айтып, тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне жас ұрпақты бей-жай қарамауға тәрбиелеу ең басты парызымыз екенін айтып өтті.

Мұнан кейін Нұрлыбек Айдарбекұлы «Ғасыр қасіреті ашаршылық себебі мен зардабы», ал тарих пәні мұғалімдері «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында баяндамалар жасады. Басқосу барысында Шарада қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрескен алаш арыстары мен халыққа танымал тұлғалары мен Алаш қозғалысы тарихына айтылды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдардағы поляктардың депортациясы, репрессия кезіндегі жерлерді сақтау, зерттеу, халықтарды күштеп қоныс аудару тарихы да әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ, Кеңес Одағының ұжымдастыру саясаты қазақ халқын бұрын-соңды болмаған үлкен қасіретке әкелді. Малы күшпен тәркіленген қазақ халқы босқыншылық кезіп, 2 миллион халық зұлмат шығынға ұшырағаны да айтылып өтті. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы миллиондардың өмірін жалмаған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге арналған бейнефильм де көрсетілді.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь