Артына өшпес із қалдырған абыз ақсақал

0
105

65 жылға жуық ғұмырын шәкірт тәрбилеу ісіне арнаған, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Елбасының ұстазы  Сейітхан Исаевтың  өмірден озғанына жылға жуық уақыт өтті.  Осы ретте бүгін аудандық орталық кітапханада абыз ақсақалдың ұрпақтары, шәкірттері, әріптестері және өзге өңірдегі ол кісінің есіміне ерекше құрметпен қарайтын ардақты азаматтар бас қосты. Конференция барысында Сейітхан Ахметұлының әрбір кезеңінен сыр шертіліп, әдемі естеліктермен толығып, ортақ ойлар ортаға салынумен ерекшеленді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Алдымен басқосу ұлағатты ұстазды бір минуттық үнсіздікте еске алумен басталды. Алғы сөзді аудандық ардагердер кеңесінің төрағасы, Сейітхан ұстаздың шәкірті  Едіге Жүнісбеков сөйлеп, естеліктерден сыр шертті. Келесі кезекте осы жиынға арнайы келген ҚР Көркемсурет академиясының академигі Амандос Ақанаев пен Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вавилин Вячеслав та артына өшпес із қалдырған абыз ардагерге деген ерекше ілтипаттарын білдірді.  Ал, аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова  қарияның ұлт руханиятына қосқан үлесін атап айтып, оны ұлықтау міндетіміз екенін тілге тиек етті.  Сонымен қатар, жиын барысында басқа да еңбектес болған азаматтар ардақты ақсақалдың еңбектерін  ерекше тебіреніспен еске алды. Мектеп оқушылары ұлағатты ұстазға арналған  ақындардың өлеңдерін  мәнерлеп оқыған соң, Абай мектеп гимназиясының ұжымы дайынған  ақсақалдың саналы ғұмырынан сыр шерткен бейнероликтер көрсетілді. Өз кезегінде  Сейітхан атаның қызы Мадина Ахметова, немере қызы Бақшагүл Мұстафина, Балқаштағы бауыры Көпжасар Бакиров сөйлеп,  кештің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ұйытқы болған жандарға алғысын білдірді. Жиынның соңы Назаргүл Балғазықызының орындауындағы «Дара тұлға – ұстазым» әнімен қорытындыланды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь