Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп... - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 15 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп…
12:40, 06 мая 2017

Қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп…


Ұлы Жеңісті бір табан болсын жақындатып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау жолында кеуделерін оққа тосқан қарт майдангерлеріміз қандай құрметке болса да лайықты. Қазір ауданымызда сондай 25 ардагер бар. Кеше аудан әкімі Махаббат Бигелдиев сол бір сұрапыл жылдары майдан шебінде болып, аман-есен оралып, ел қамы үшін аянбай тер төгіп, еңбек еткен, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған қаскелеңдік қос қарияның шаңырағына арнайы барып, алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтап қайтты. Ерлік пен өрлік ешқашан қоғам санасынан өшпейтінін айтып, жақсы тілегін жеткізіп, сый-сияпатын ұсынды.

Алдымен, Махаббат Садуақасұлы жақында ғана 95 жасты еңсеріп, жерлестерінің құрметіне бөленген, Мәскеуде өткен төрт бірдей Жеңіс шеруіне қатысқан ардақты ардагер Федор Федотовтың үйіне ат басын бұрды. Жүзге жақындаса да өзін сергек ұстап, қоғамдық ортада белсенділік танытып жүретін қария, әдеттегідей, құрметті қонақтарды қуана, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, әдемі әңгімесін өрбітті. Әсіресе, жиналғандар ардагердің майдан туралы, ауқымды шерулерден алған әсері жайлы айтқандарын қызыға тыңдады.

Ал, келесі кезекте қарт майдангер, ауданымыздың тірі шежіресі саналатын журналист, жазушы, партизан Үсенбай Тастанбековтың шаңырағынан табылып, қаламгердің көп жылғы еңбек және өмір жолынан түйген өсиеттеріне қанықты. Қашан да халықтың жағдайы мен өскелең ұрпақ қамын ойлайтын қарқынынан таймаған қалпындағы абыз ақсақал көпті көріп, көңілге түйген адам ретінде, білгір басшыға біраз ақыл-кеңестерін де айтып, ұсыныстарын да жеткізді. Бүгінгі күннің ертеңгі тарихқа айналатынына тоқталып, өткенімізді айғақтайтын құнды жәдігерлер мекені болған мұражайлар көбірек болса, кейінгі буынға үлгі етерлік атақты жерлестерімізге арналып ескерткіштер қойылса дегендей ойларымен бөлісті.

Осылайша, түрлері де, тілдері де бөлек болғанымен, жүріп өткен өмір жолдары мен омырауларын жапқан орден, медальдары оларды ұқсастыратын қос ардагерге құрмет көрсеткен Махаббат Садуақасұлы қарт майдангерлермен әрбір кездесу қашанда тың жігер мен күш қайрат, болашаққа деген нық сенім сыйлайтынын сөз етіп, мереке иелеріне ұзақ өмір мен мықты денсаулық тілеп, сыйлықтарын тарту етті.

Бұл кездесулерге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Қыдыралиев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Жылқыбаев, Қаскелең қаласының әкімі Б.Нұрлыбаев та қатысты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района