Қарт майдангерге құрмет

0
1151

Өкінішке орай осыдан  73 жыл бұрын болған қан майданда кеудесін отқа тосқан қаһармандардың қатары жыл сайын азайып келеді.  Бүгінді таңда ауданымызда бар жоғы 17 ардегеріміз ғана қалды. Олардың көпшілігі өздігінен қозғала алмайтын жасқа келген.  Біз жас ұрпақ көнекөз қарияларымызды атаулы мейрамдарда құттықтап қана қоймай, үнемі оларға құрмет көрсету басты парызымыз санауымыз керек. Өйткені, бүгілген беліне демеу көрсетер шақта біздің ізгі  ілтипатымыз олар үшін өте  маңызды.

Бүгін осыны ескерген аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сайлаубек  Қыдырәлиев  Ұлы Отан соғыс ардагері, 93 жасар Сақина Үскенбаеваның үйінде қонақта болды. Олар  Майдангер қарияға жылы лебіздерін білідіріп,  азық-түлік салынған себептін тапсырды. Сақина Ғабдурауыпқызы біздің ауданымыздың 2012 жылдан бастап тұрғыны.  Өткен ғасырдың қиын-қыстау кезеңін басынан өткерген батыл әйелдің бойынан әлі күнге дейін қажыр-қайраты қайтпағанын байқалады.

Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне қанша алғыс айтылса да, көп болмасы анық. Әрқашанда олардың ерліктері, батырлықтары, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп тайсалмай шайқас күндерді бастан өткізіп, бізге бейбіт өмірді сүруді сыйлаған жандардың игілікті істері жастарға үлгі болып қала бермек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь