Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Арнаулы гимназиядағы айрықша салтанат - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Арнаулы гимназиядағы айрықша салтанат
20:52, 25 мая 2017

Арнаулы гимназиядағы айрықша салтанат


Қалыптасқан дәстүрге сай, бүгін ауданымыздағы барлық мектептерде оқу жылының аяқталуына орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Солардың қатарындағы Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған, үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиядағы «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанат өзінің мән-маңызының тереңділігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленді. Оған аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ және Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Ришат Құлыншақов құрметті қонақ ретінде қатысып отырды.

Жалпы, «соңғы қоңырау» деген сөздің астарында –білім нәрімен сусындаған киелі мекеннен жырақтап, алдағы үлкен белестерге қадам жасайтын кезеңнің, өміріңдегі ең алғашқы маңызды шешімді қабылдайтын сәттің бастауы тұрғаны белгілі. Сондықтанда, ең алдымен осы ширек ғасырлық тарихы бар қара шаңырақтан қанат қаққалы тұрған түлектер ортаға шақырылып, барлық ақ тілектер ақтарыла соларға арналды. Шараның шымылдығын түрген мың бұралған қыздардың орындауындағы «Білезік» биінен соң мінберге аталған білім мекемесінің директоры Баян Сауранбаева шығып, гимназияның тынымсыз ізденіс пен жетістікке толы тіршілігінің тағы бір парағы тарих қойнауына кеткенін, оқу жылын педагогикалық ұжым мен олардың шәкірттері де зор табыспен аяқтағанын әңгімелей келе, биылғы барлығы 62 бітіруші арасынан сегіз түлек алтын белгіге, төрт оқушы үздік аттестатқа үміткер екенін мақтанышпен атап өтті. Сөзінің соңында мереке иелеріне жақсылық пен сәттілік, ақ жол тіледі. Мұнан соң, бірден бір жыл көлемінде түрлі байқау, олимпиадаларда биіктен көрінген мұғалімдер мен оқушылар ортаға шақырылып, жұрт алдында марапатталды.

Келесі кезекте көпшілік назарына ұсынылған «Ұлы дала ұландары» атты копозициялық қойылымның да мағынасы тереңде жатқан еді. Тақырыпқа сай, түрлі көз тартарлық костюмдер киген жас өрендер өздерінің тамаша актерлік шеберліктерін де байқата білді. Оған негізінен тарихтан мәлім Сұлтан Бейбарыстың өмірі арқау болып, қыпшақ баласының жау қолына тұтқынға түсіп, кейіннен ақылы мен дарының арқасында ел билеп, биік тұғырдан көрінсе де туған жерін, онда өскен жусан иісін ұмытпай қайта оралуы бейнеленді. Бұнда бір жағынан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, өскелең ұрпақты тарихты білуге, тұлғаларды тануға және құрметтеуге шақыруға бағытталғаны байқалған еді.

Республикалық байқаулардың жүлдесін қанжығасына байлап жүрген «Ағажай» би тобының құрамындағы балалар замануи бейімдегі «Тентек» биімен көптің көңілін бір серпілтіп тастаған соң, түлектер үш тілде өздерінің жүрек тебіреністерін жеткізіп, «Мектеппен қоштасу» әнін хормен орындап көңілдерді толқытты. Дәстүрлі вальс ырғағында тербеліп, аспанға арман шарларын да ұшырды. Гимназиядағы бұл 25-ші соңғы қоңырау салтанаты биыл ел тарихында орын алғалы тұрған ерекше оқиға «EXPO — 2017» халықаралық көрмесіне шақырумен түйінделді. Соған сай киім киген қыздар өнер көрсеткен соң, әдеттегідей екі оқушы ғана емес, бұл жолы сегіз түлек көрменің белгісі түстес киімдегі біріншісыныптықтарды қос қолдарына жетектеп, соңғы қоңырауды сыңғырлата соқты. Яғни, осы арқылы биылғы мектеп бітірушілердің үлкен тарихи кезеңде үлкен өмірге қадам басқалы тұрғанын айқын айғақтады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района