Арман асуын бағындыра бер, Айсұлу!

0
264

Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназиясының  оқушысы, талапкер ақын, жас талант   Айсұлу Съезханның шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Бұл басқосудың мақсаты  –   поэзия әлеміне өзіндік үлесін қосуға ынталы Айсұлудың жеткен жетістіктерінен  хабардар етіп қана қоймай, оның өзі қатарлас мектеп оқушыларының әдебиетке деген  ынтасын ояту.  Аталған білім ұясында өткен шара ақындар мектебіне жетекшілік ететін Баян Мұхамедиярованың ұйытқы болуымен ұйымдастырылыпты.  Кішкентай кезінен шығармашылыққа жаны құмар жас ақын қыз бірқатар  өнер мен әдебиет әлемінде ойып тұрып орын алған азаматтардан тәлім алып  та үлгерген. Бүгінге кеште олар бар істерін шегеріп қойып, жас шәкірттерін қолдауға арнайы келіп, кітаптар және басқа да  сыйлықтарын беріп жатты. Атап айтқанда, олар: Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі Әбетхан Тоқтаған,  Халықаралық  ЮНЕСКО сыйлығының иегері, тележурналист Жұмаш Кенебай, мұқағалитанушы, кино қайраткері Шаяхмет Имашұлы,  ақын, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев,  зерттеуші, аудармашы  Айсұлу Қасымбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистка факультетінің доценті Жидегүл Әбдіжәділқызы, республикалық  балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінің жауаты хатшысы Гүлдана Нұрлыханова. Бәрі де өлең өлкесіне өзіндік орнын іздеп жүрген жас ақынға ақ жол тіледі.

Табиғаттың тылсым сырларымен тілдесіп, кез-Акелген құбылысқа сезімталдықпен қарайтын Айсұлу  жиынды алдымен  өзінің өлең жолдарымен бастады.  Салтанатты кеш әрі қарай  мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар, шара барысында Айсұлуға «Ұлан» газетінің  жас тілшісінің куәлігі табыс етілді.  Жиын соңында сахнаға жас таланттың әжесі және ата-анасы шығып, Айсұлудың ұстаздарына,  ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь