Арктика аймағында аптап ыстық орнады  

0
406

Әлемдегі ең суық елді мекен саналатын Верхоянскте биыл жазда аптап ыстық орнаған, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік полюсқа жақын орналасқан бұл қалашықта әлем бойынша ең суық ауа райы – минус 68 градус тіркелген болатын. Ал таяуда мұнда ауа температурасы 38 градусқа дейін жылыды. Бұл әдеттегіден 20 градус жоғары. Жалпы арктикалық аймақта ғаламдық жылыну қарқыны екі есе жоғары болып тұр. Бұл ғалымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Осыған байланысты Батыс Сібірде орман өрттері де жиілеген. Ал жергілікті тұрғындар ауарайының рахатын көріп жүр.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь