Қарияларды қуантты

0
99

Үлкенге құрмет көрсету – біздің халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Осы ретте бүгін аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова ауданымыздағы «Нұр Отау» пансионатына арнайы барып, орталықтың қарияларының хал-жағдайларын сұрап қайтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Күлжан Әділханқызы бастаған бір топ қадірлі қарттардың мекеніне жай бармай қолдан тігілген 40 бөстек пен тәтті тағамдар сыйлады. Сонымен қатар, осы күні қарттардың көңіл-күйін аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары да көтеріп, оларға ән шашуларын арнады. Бүгінгі шарада сыйға тартылған бөстектерді ауданымызда осыдан бірнеше жыл бұрын ашылып, өзінің тігін ісін дөңгелетіп келе жатқан «Ықылас» қолшебершілер мектебінің тігіншілері жасаған болатын.

Қарасайлық Гүлістан Медетбекова ашқан бұл мектепке жақында Волонтер жылы қарсаңында Күлжан Дүйсенова қол үшін беріп, аудандық Мәдениет үйінінің ғимаратынан орын тауып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жағынан көмек көрсеткен. Биыл осы шеберхана еріктілер жылы аясында көп балалы, жағдайы аз қамтылған отбасындағы, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға тегін тігу сабақтарын өткізіп жатыр. Міне, осы игі бастаманың алғашқы жемісі ретінде аталмыш мектептің өкілдері аудан әкімінің орынбасарымен бірге жоғарыда айтып өткендей қарттар пансионатына барып, алғашқы жұмыстарын қарияларға тарту етіп, олардың көңіл-күйлерін көтерді. Өз кезегінде өз қолдарымен жасалған сыйлықтарға дән риза болған ата-әжелеріміз ұйымдастырушыларға өздерінің үлкен алғыстары мен ақ баталарын берді.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь