Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Ардагерлер ұйымының» құрылғанына 30 жыл - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 27 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Ардагерлер ұйымының» құрылғанына 30 жыл
18:53, 24 ноября 2017

«Ардагерлер ұйымының» құрылғанына 30 жыл


 

Елімізде қазыналы қарияларды бір шаңырақ астына біріктіріп отырған ең үлкен қоғамдық бірлестік бар. Ол – Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымы». Биыл қоғамда өзіндік орыны бар, өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысып келе жатқан бұл іргелі ұйымның құрылғанына 30 жыл толды.  Бүгін бірлестіктің мерейтойы ауданымызда сән-салтанатымен аталып өтіп, қастерлі батырлар елін мекендеген қарасайлық қарттарымыз құрмет биігінен көрінді. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Махаббат Бигелдиев пен облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келімсейіт арнайы қатысып, жиналғандарға жылы лебіздерін жеткізді.

  • «Жастың жүрген жері мереке, қарттың жүрген жері береке» дейтін халқымыз қазыналы қарияларын, ардақты ардагерлерін ерекше құрметтеп, оларға төрінен орын сыйлап отыруы дәстүріміздің озығы, — деді құттықтау сөзінде Махаббат Сәдуақасұлы, — бұрынғы Қаскелең, бүгінгі Қарасай ауданының бергі 100 жылдық тарихын, осында отырған абыз ақсақалдарымыз бен абзал аналарымыздың, жанқиярлық ерлік істері мен ерен еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Бүгінгі ұрпақтың алаңсыз, жарқын өмірі Сіздердің арқаларыңыз. Еліміздің егемендігін сақтап қалған да, Тәуелсіздіктің тұғырын тіктеп, туын көтерген де Сіздер болдыңыздар. «Өткенді ұмытпа, ол-болашақтың ұстазы» демекші, ХХ ғасырдың аласапыран кезеңдерін бастан кешіріп, екінші дүниежүзілік соғыстың, тылдың ауыр зардабын көрген Сіздердің ерлік істеріңіз бен ерен еңбектеріңіз ұрпақтарыңызға теңдессіз үлгі болып қалмақ.

Әрі қарай аудан басшысы аудандағы ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың тыныс-тіршілігіне де тоқталды. Яғни, аудандық ардагерлер ұйымына қарасты 11 округтік, 44 ауылдық бастауыш ұйымдарының мүшелері бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өздерінің мол іс-тәжірибесі, ақыл-кеңесімен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларға танымдық бағыт-бағдар беру ісінде, өлшеусіз үлестерін қосып отырғаны, қазір жергілікті жұртшылық арасында 19 мың 647 зейнеткер болса, оның 23-і ҰОС ардагері, 1002-сі тыл еңбеккерлері екендігі де айтылды. Республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай келе, мереке иелеріне зор денсаулық, бақуатты ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеген аудан әкімі бірқатар қарттарды марапаттап, мерейлерін өсірді. Атап айтқанда, сахна төріне аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы шақырылып, кеудесіне Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төс белгісін тақты. Сонымен қатар, барлық округтің ардагерлер ұйымының төрағалары мен әжелер алқасының төрайымдарына Махаббат Сәдуақасұлы өз атынан Құрмет Грамота мен сый сияпатын тапсырса, аудандық ардагерлер ұйымының кеңсесіне соңғы үлгідегі түрлі-түсті теледидар ұсынды. Барлық марапат иелерінің атынан аталған аудандық ұйым төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев алғысын айтып, үлкендерге деген ерекше құрметі үшін М.Бигелдиевке шексіз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, шараға өңір орталығынан арнайы келіп қатысып отырған Ермек Келімсейіт те қарасайлық қарттарды құттықтай келе, оларды ұйым алдындағы ардагерлерге әлеуметтік жағдай туғызу және «Рухани жаңғыру» деген ұлы мақсат үдесінен шығатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру сияқты екі басты міндетті адал атқару жолында әлі де талмай, шаршамай еңбек ете беруге шақырды.

Салтанатты шараның ресми бөлімінен соң барша жиналғандар аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района