Қарасайлықтар Абай ескерткішіне тағзым етті  

0
213

10 тамыз  Абай күніне орай бүгін республика бойынша Ұлы ақынның ескерткіштеріне гүл шоқтарын  қою акциясы өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Осы орайда Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақыттан бастап    10 тамыз – еліміз бойынша Абай күні болып белгіленді.  Бүгін атаулы күнге орай еліміздің түкпір-түкпірінде Ұлы Ақынның ескерткіштеріне тағзым етілді. Бұл акциядан қарасайлықтар да шет қалған жоқ. Атап айтар болсақ,  Райымбек округіндегі Абай ауылындағы орналасқан Абай Құнанбайұлының  ескерткішіне   аталған округтің әкімі  Елжан Төленбаев пен ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әбләшім Беспаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділда Әбілқасымова, ықылас гүлін қойды.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь