Қарасайлық кішкентай суретшілер марапатталды (видео)

0
248

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырған байқауға қатысып, жеңімпаз атанған ауданымыздың кішкентай суретшілері марапатталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Таяуда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Сіріңке – бір өмір құны» акциясы аясында конкурс ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқау аясында ауданымыздың кез-келген кішкентай тұрғыны өрттің қауіптілі және де отпен ойнауға болмайтыны жайлы тақырыпта сурет салып оны Instagram парақшасына аудандық төтенше жағдайлар бөлімін белгілеп салу керек еді.

 

Бүгін осы бір әр баланың жылда үлкен қуанышпен күтетін мерекесінде жоғарыда атап өткен конкурсқа қатысып, жаңімпаз атанған балалар марапатталды. Кішкентай жаңімпаздарға мадақтау грамоталары мен сыйлықтарын аудандық төтенше жағдайлар бөлім бастығының міндеттін атқарушы Дамир Қозыбаков тапсырып, балалар мен ата-аналарды мейраммен құттықтап, алғысын жеткізді.

Аталмыш конкурс нәтижесі бойынша 1 орынды Кемертоған орта мектебінің 1 «а» сынып оқушысы Арлан Әділберген мен 2 «л» сынып оқушысы Мерей Әбдімұрат алса, 2 орынды 2 «л» сынып оқушылары Арнұр Бақытжан мен Руслан Қажыбеков иеленді. Ал, үшінші орынды Үшқоңыр орта мектебінің оқушысы Әйгерім Данияр мен «Сандуғаш» балабақшасының бүлдіршіні Әмина Ізбасқан қанжылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь