Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Қарасай бөрісі» атанды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Қарасай бөрісі» атанды
0:09, 14 апреля 2018

«Қарасай бөрісі» атанды


Бүгін, Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл мектебінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен «Қарасай бөрісі» атты аудандық жарыс өтті. Оның мақсаты, «Жетісу бөрісі» облыстық турниріне іріктеу жүргізу болды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған бәсекеде балуандар аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің жүлдесіне таласты.

Дүбірлі дода басында Қайрат Қуандықов бас төреші, Дәурен Баймұратов бас хатшы, Әділет Ахметов кілем жетекшісі және Ержан Белгеубаев пен Бақнұр Бақнұров кілемдегі төрешілер ретінде таныстырылды. Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубековке сөз беріліп, ол Елбасының спорт саласына аса үлкен мән бергенін тілге тиек етіп, осы жолда аянбай тер төгіп жүрген спортшыларға жеңіс пен табыс тіледі.

Сонымен Қарасай ауданының барлық ауылдық округтерінен жиналған 20 спортшы бір-бірімен белдесіп, жарыстың жүлдегері болуға бар күштерін салды.

Жалпы, жарыс нәтижесімен бөлісер болсақ, «Қарасай бөрісі» атағын Жамбыл ауылдық округінің балуаны Төреқұл Асқар алып, Елбасының кіндікқаны тамған Шамалған ауылының спортшысы Шыңғыс Тұрсынхановқа екінші орын бұйырды. Ал, үшінші орынға Елтай ауылының Дәурен Отанбековтай балуаны ие болды.

Жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков құттықтап, медальдары мен мақтау қағаздарын табыстады. Сонымен қатар, бірінші орынға 150, екіншіге 100 ал, үшінші орын алған балуанға 50 мың теңге сыйақы берілді.

           


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района