Қарасай ауданына арналған әндердің фестивалі  

0
598

Бүгін Іргелі ауылдық округіндегі мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарасай ауданына арналған авторлық әндер феставалі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Байқаудың басты  мақсаты – ауданымызға арнайы жазылған әндердің шығармашылық мұрасын сақтау және оларды насихаттау.  Сондай-ақ, әншілердің шығармашылықтарын нығайту, дамыту,  орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыруда мол мүмкіндіктерге жол  ашуға негізделді.  Сайысқа түскен әншілердің өнерін қазылар мүшелері ретінде Іргелі ауылдық мәдениет үйінің директоры Ақторқа Тотымбаева мен «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Еркін Рахимов сарапқа салды.

Туған жердің даңқты жетістіктері мен әйгілі тұлғаларын, айтулы оқиғаларын сипаттаған рухты, ырғақты әуендердің қай-қайсы болмасын ең жоғарғы бағаға лайықты.  Сол кіл мықтының ішінен суырылып шыққан Ақерке Құрман, Баймұхамет Мұқатай, Нариман Абдрахменов, Ерлан Лесбаев, Абдуманап Мыңбаев және «Үшқоңыр» триосы мен «Аманат» тобы үздік деп танылды. Аталған байқау жеңімпаздары алда келе жатқан атаулы мереке Қарасай ауданының 90 жылдығына арналған концертте өнер көрсететін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь