Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қарасай ауданы әкімінің қорытынды есебі тыңдалды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 26 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қарасай ауданы әкімінің қорытынды есебі тыңдалды
20:44, 02 февраля 2018

Қарасай ауданы әкімінің қорытынды есебі тыңдалды


Бүгін Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевтің халық алдындағы қорытынды есебі тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов арнайы келген есепті жиынға аудан активі, құқық қорғау саласының қызметкерлері, облыстық жəне аудандық мəслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудан тұрғындары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге келген қауым алдымен өнер ордасының фойесіне қойылған көрмені тамашалады. Онда Қарасай жерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған өндіріс орындары мен шағын кәсіпкерлік өкілдерінің шығаратын өнімдері қойылған болатын. Жиынжайға орныққан көпшілік назарына өнерпаздардың шағын концертінен соң, ауданның өсіп-өркендеуінен хабар беретін бейне-ролик ұсынылды. Ал, өткен жылы нақты қандай іс атқарылып, жетістікке қол жеткізілгендігі толығырақ аудан әкімі Махаббат Садуақасұлының баяндамасында айтылды.

Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 209 млрд. 56 млн. теңгені құраған. Бұл облыс көрсеткішінің 27,9 пайыздық үлесін аудан орындады деген сөз.  Негізгі капиталға 112 млрд. 33 млн. теңге инвестиция тартылып, екі ірі зауыт іске қосылған. 2 мың 102 жаңа жұмыс орыны ашылып, үш ауысымдықты жою мақсатында жеті мектеп пен бір жапсаржай салынған. Жолдар жөнделіп, жарық бағаналары орнатылған. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде енгізілген «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында, «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніні және Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылған.

Биыл қолға алынатын шаруа да жеткілікті. Мысалға, соның кейбірін айтсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа Шамалған, Жаңатұрмыс, Көкөзек ауылдарының ауыз су жүйелері жаңғыртылып, өзге де елді мекендердің инфрақұрылымы жақсартылады. Алмалыбақ ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, Абай ауылындағы орта мектеп пен Керімбеков мектебіне жапсаржай салынады. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар Алматы-Бішкек тас жолында «Алтын Орда» базарының маңындағы жолдың кеңейту жұмыстары қарқын ала бастайды.

Сөзінің соңында аудан басшысы орынбасарлары Н.Сатубековқа, А.Назарбаеваға, Ж.Тәжиевке, М.Джапаровқа және М.Әмірғалиевке өздері жетекшілік ететін салалары бойынша, алда жіті назарға алып, атқарулары тиіс нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, барлық бөлім, мекеме басшыларына Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын басшылыққа ала отырып, Алматы облысының әкімі А.Баталовтың салалық тапсырмаларын және аудан әкімінің қала, ауылдық округтердегі тұрғындармен есепті кездесулеріндегі айтылған сын-ескертпелері жөнінде шараларды сапалы да, уақытылы орындауды тапсырды.

Өз кезектерінде жарыссөзге жазылған әр сала мен қоғамдық ұйым өкілдері де істелген игі істерді алға тартып, барлығы да аудан әкімінің есебін көпшілік атынан «қанағаттанарлық» деп бағалады.

Ал, қарасайлықтарға өңір басшысының сәлемін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов Жетісу жеріндегі жақсы жетістіктерді әңгімелей келе, оның ішінде өзіндік үлесі бар ауданымыздың кейбір көрсеткіштеріне тоқталды. Алдағы уақытта әлі де шағын кәсіпкерліктердің жұмысын қадағалап, азық-түлік бағасын себепсіз қымбаттатпауды бақылауды, бюджетке берекшектің болмауын назарға алуды, қысқы жылыту маусымын жақсы аяқтап, көктемгі су тасқынын болдырмау үшін тиісті жұмыстарды қолға алуды, заңбұзушылыққа жол бермеуді тапсырды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев жүргізіп отырған есепті жиын салтанатты шарамен түйінделді. Сахна төріне шыққан «Президент және халық» республикалық газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев аталған басылымның «Уақыт таңдауы» агенттігімен бірлесе өткізген жобасында өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев – «Жылдың үздік аудан әкімі» болып табылғанын айтып, ел алдында арнайы сертификатты табыс етті.

Көпшіліктің үлкен қошеметі көрсетілген бұл марапат та Махаббат Садуақасұлының былтыр айтарлықтай жақсы жұмыс істегенін тағы бір мәрте айғақтағандай болды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района