Қарапайым жанның қайырымдылығы

0
177

Жадымыз жаңғырып, Жастар жылы жағымды жаңалықпен жалғасын тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Осы ретте біз де ауданымыздағы еріктілер жайлы жазсақ деп ұйғардық, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу – имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі – Әлия Сәтпаева.

Білмейтіндер үшін кейіпкерімізді таныстырып өтсек… Әңгіме арқауына айналған Әлия Елтай ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда ол округ тұрғындары үшін қайырымдылықтың қайнар көзіне айналып отыр. Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік және киімдер алып беруге жәрдемдеседі. Аталған жанұялардың барлығын тізімге тіркеп, қажеттіліктерін анықтайды. Жиналған қаржылай және заттай берген қайырымды жандардың аманатын бейсенбі және жұма күндері кезекке сәйкес апарып отырады.

Олардың кейбірі жалдамалы үйде тұратын болғандықтан, пәтерақысын да төлеуге көмектесіп жатады. Уақыт өте келе Әлия «Бірінші елтайлық» (Первый Ельтайский) атты әлеуметтік желіде  парақшасын ашып,  көмекке зәру отбасылардың жай-күйімен ғаламтор арқылы таныстыруға көшеді. Желіге салған жазбаларынан кейін, ол көмек қолын созушылардың көп болуын күтпеген. Осындай қайырымды жандардың ішінде үй алып беруге көмек беремін деген азамат та шыққан. Өз атын жариялағасы келмеген меценат, Әлияның шығарған посттары астында қалдарған нөміріне хабарласып, 14 жылдан бері пәтер кезіп жүрген көп балалы отбасының Береке ауылында баспаналы болуына себепкер болған. Уақыт өте келе жарияланған жазбадан кейін, тағы бір қалталы азамат қаратөбелік жанұяның қоныс тойын тойлауына мүмкіндік туғызды. Иә, расымен,  біз әңгіме еткен кейіпкер жақсылықтың жаршысы атанып, қайырымдылық жасауды өзінің тұрақты жұмысына айналдырып алғандай. Олай дейтініміз, алғашында тізімде жағдайы төмен 21 отбасының саны 17-ге азайған. Олардың бірқатарының әлеуметтік деңгейі көтеріліп, аяққа тұра бастағандардың алғыстан басқа айтары жоқ.

Иә, әлеуметті желі бүгінде алып күш емес пе!  Әлияның ізгілікті ісі жайлы естіп біліп жатқандардың саны күн сайын артып келеді. «Астана», «СТВ» арналары   ол жайында бейнесюжеттер түсіріп, біздің газетімізде мақалалар жарияланды. Жуырда аудандық Мәдениет үйінде өткен Волонтер жылының ашылуында да сөз сөйлеп, көрермен ықыласына ие болды.

Әлияның арманы болашақта округтің орталығы Береке ауылынан көп пәтерлі жатақхана салу екен.  Бұл жатақхананың ерекшелігі – тұрмысы төмен көп балалы отбасылар тегін тұруына жағдай қарастыралатын көрінеді.  Алдағы уақытта көп орындықты автокөлікті тізгіндесек деп те жоспарлап  қойыпты. Арман асуын қайырымдылықпен байланыстырған жандардың ісі көпшілікке ой салары сөзсіз. Жасаған жақсылықтары адамнан қайтпаса да, Алладан қайтуын, сәттілік серік болуын тілейміз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь