Қарағандыдағы оқыс оқиғадан кейін саябақтар басқармасының басшысы жұмысынан босатылды

0
383

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жиналыс өткізіп, оның барысында Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының басшысы Рүстем Көдебаевтің қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы еkaraganda сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының қызметінен кетуіне 25 мамырда Орталық саябақта қатты желден батуттың аударылып, 11 жасар баланың көз жұмуы себеп болған. Саябақтар басқармасының басшысы міндетін уақытша ведомствоның бас инженері Талғат Смайылов атқарады. Бұдан бөлек, Саябақтар басқармасы қызметіне ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Қарағанды қаласы коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Әлібек Дүйсембековке қатаң сөгіс жарияланды. Қала әкімінің орынбасары Сәбит Оспановқа қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін сөгіс берілді.

Еске салар болсақ, 25 мамыр күні Қарағандыдағы Орталық саябақта қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып түскен болатын. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза болды. 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ойын-сауық нысанының заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны үшін  үрмелі батуттың иесі 40 жастағы  азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін белгілі болғандай, аударылған батуттың қожайыны Қарағанды облысының Абай қаласында өрт сөндіру бөлімін басқарған. Биылғы жылдың 20 мамырында жұмыстан босату туралы рапорт берген.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь