Қарағандыда иммунитетті көтеретін сүт өнімдері шығарылып жатыр

0
47

Қарағандылық азық-түлік өндірушілер әлемді жайлаған қатерлі вируспен күресті бастап кетті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір сүт өндіретін фабрика өкілдері өз өнімдерінің құрамына аса қажет дәрумендерді қосып сатуда. Технологтар осылайша иммунитеті мықты адамның ағзасы вирусқа төтеп беретініне сенімді. Мұнда тек тәулігіне шамамен 40 тонна сүт өнімдері дайындалады. Шығарылған тауар тек Қарағанды емес, Қазақстанның өзге қалаларына да жөнелтіледі. Мысалы қазір карантинге жабылған елордаға тәулік сайын 15 тонна дәруменге бай айран, йогурт, қаймақ жеткізіледі.

– Бұл қандай вирус, қоғамға, елге біздің тағамдарымыз арқылы қандай көмек бере аламыз деп зерттей бастадық. Сосын мынадай шешімге келдік. Қазір авитаминоз кезінде, наурыз, сәуір айларында ең керегі – иммунитетті нығайту. Сосын біз бірнеше өнімге витамин қосу туралы шешім қабылдадық, – дейді сүт фабрикасының директоры Ерлан Әшім.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь