Қар мен боранның салдарынан автокөлік жолдары жабылды

0
173

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатр облысында барлық автокөліктер үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) республиканың барлық аумағына ескерту жариялады. Осы ретте Қазақстанның 9 облыстың 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Министрліктің нұсқауы бойынша полиция мен Төтенше жағдай қызметінің мамандары адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген режимде жұмыс атқарады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі автожолдардағы жағдайдың өте қолайсыз екенін ескерте отырып адамдардың жолға шығудан бас тартуларын сұрайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь