Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Антқа берік адал жан - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Антқа берік адал жан
15:17, 28 сентября 2017

Антқа берік адал жан


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында әр жылда өркен жайып, даму жолына түскен еліміздің күн өткен сайын көркеюіне адал еңбегімен үлес қосып келе жатқан өз ісінің мамандары аз емес. Солардың бірі де, бірегейі – медицина ғылымының магистрі, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Нұрлан Әжібеков.

Нұрлан Нұртайұлы бүгінде жүздеген адамды ажалдан арашалап, екінші рет өмір сыйлаған білікті дәрігер. Ол күн сайын ондаған емделушілерінің алғысын алып, ықыласына бөленеді.

Дәрігерге ең басты керегі, емделушісінің аурудан айығып, аман-сау отбасына оралуы десек, онда Нұрлан Әжібеков мыңның алғысын алған, антқа берік адал жан.

Ақ халат киіп, ажалмен арпалысып, аурумен айқасқан жандарды құтқаруды бала кезінен армандаған Н. Әжібеков дәрігер болудың оңай емес екенін ерте түсінді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, оқу озаты болды. Өйткені, басқа-басқа дәрігерге білімнің қажеттілігі зор екенін білді. Сөйтіп, орта мектепті өте жақсыға бітіріп, бабы мен бағы қатар шауып, өз армандаған Санжар Асфендияров атындагы  Казақ Ұлттық медицина университетінің педиатрия факультетіне оқуға түседі. Бұл факультетті бес жыл оқып тәмәмдаған соң, тағы екі жыл осы оқу орнының интернатурасынан өтеді.

Тәуелсіздік пен Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті саясатының арқасында өзіне берілген зор мүмкіндіктерді жете түсінген Н.Әжібеков білімін жұмыспен ұштастыра жүріп, біліктілігін ұдайы жетілдіреді. Себебі, дәрігердің біліктілігі артқан сайын оның елдегі денсаулық саласына қосар үлесі көп, азаматтарға көрсетер кәсіби қызметі сапалы боларын да жас дәрігер сол кезде-ақ бағамдаған.

Сөйтіп, 2012 жылы ұш айлық  анестезиология, реаниматология  курсы бойынша Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырады. Ресей дәрігерлерінің озық тәжірбиелерін көріп, оқи жүріп білімін толықтырады, тәжірибелерді де тыңғылықты атқарады. Бұл Н. Әжібековтың кәсіби білікті дәрігер болып қалыптасуына зор ықпал етті.

Бірақ, Нұрлан Нұртайұлы білігі мен біліктілігін арттыруда мұнымен шектелмей, 2014–2016 жылдары аралығында медицина мамандығы бойынша магистратура бітіріп шығады. Осылайша, Нұрлан Нұртайұлы жоғары білікті дәрігер ғана емес, өзі секілді Гиппократ антына берік, еңбегіне адал шәкірт тәрбиелейтін ұстаз дәрігер атанады.

Білімнің түпсіз тереңіне сүңгіп, дүниедегі ең ізгі һәм адам баласы үшін орны мен маңызы айрықша мамандықты игеруге бар күш-жігерін салған Н.Әжібеков қазір де сол еңбегін ел игілігіне жұмсап отыр. Нұрлан Нұртайұлының бұл еңбегі елеусіз қалмай, 2016 жылы денсаулық сақтау саласындағы саламатты қоғам құру ісіне қосқан зор үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіндегі, мерекелік медалмен марапатталса, сол жылы денсаулық сақтау саласының дамуына және Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғындарына көрсетіп жатқан еңбегі үшін  және марапатталады. Десе де жастайынан дәрігерлік жолда білім қуып, тынымсыз біліктілігін жетілдірумен келе жатқан Н. Әжібековтың алар асуы, елге берері әлі алда.

’Нұрлан Нұртайұлы еңбегінің өте ауыр әрі адам өмірі үшін төтенше маңызды екенін мына бір деректен-ақ анық аңғаруға болады. Мәселен, жылына жансақтау бөліміне 4 000 науқас адам түсіп, 2 500 адамға наркоз беріледі екен. Өлім мен өмірдің ортасында, ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен әр адамның өмірі үшін күрескен Н.Әжібековтың еңбегі орасан зор. Қандай марапатқа да, мадаққа да лайық. Өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясында «мемлекеттің басты қазынасы адам және оның өмірі» деп жазылған. Ендеше, адам мен оның өмірі үшін сәт сайын өлшеусіз еңбек сіңіріп, тер төгіп жүрген анестезио- лог-реаниматолог Нұрлан Әжібековты тағы да қайталап айтсақ антына берік, ақ халатты адал жан деуге толық негіз бар.

Адам өміріне араша түсіп, жүздеген жанды өлім аузынан алып қалған Нұрлан Нұртайұлы білімін толықтырып, біліктілігін жетілдіре отырып, жоғарғы кәсіби маман дәрігер ретінде жауапты қызметтерді де асқан абырой, адалдықпен атқарып келеді. 2007 жылы Алматы қаласында жедел жәрдем станциясында фельдшер маманы болып жұмысын бастаған ол, білімі мен біліктілігінің үздіксіз жетілуі мен адал қызметінің арқасында аға реаниматолог, «Қарасай аудандық ауруханасының»  жансақтау бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог , 2016-2017жылдары бөлім меңгерушісі қызметтеріне ойдағыдай атқарса, 2017 жылдың наурыз айынан бастап «Қарасай аудандық ауруханасының базасында» анестезиология және реаниматология  кафедрасының ассистенті болып тағайындалды.

Міне, адам жанының арашашысы болып, адал еңбек пен білім-біліктілігінің арқасында ел азаматтарының өмірін сақтап, республиканың денсаулық сақтау ісіне үлкен үлес қосып жүрген Нұрлан Нұртайлы Әжібеков өз ісінің асқан шебері, үздігі десек, бұл сөзімізге оның арқасында өмірге қайта оралып, аман-сау тіршілік кешіп жатқан жүздеген адамның өз қолдарымен жазған алғысқа толы хаттары дәлел бола алады.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әркез ел дамуының алғышарты, басты факторы – міндеті мен ісін жетік меңгерген, еңбекқор азаматтар екенін айтып келеді. Ендеше, Н. Әжібеков Елбасы үміт артқан азаматтардың алғы шебіндегі өз ісінің үздігі деуге толық негіз бар. 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района