ҚАНДЫ ҚЫРҒЫННЫҢ ОРТАСЫНДА ЖҮРДІ

0
75

Ауғанстандағы соғыс, анығын айтқанда, кешегі келмеске кеткен Кеңес өкіметі үшін ең соңғы соғыс еді.  Аталған қанды шайқасқа қазақстандықтардың да қатысып, ерлік пен батырлықтың үлкен үлгісін көрсеткенін баршамыз білеміз. Сондай азаматтың бірі ауданымыздағы  Райымбек ауылының тұрғыны Дінәсіл Жұмағұлов, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

1962 жылы 25 қарашада дүниеге келген  Дінәсіл аға  1981  жылы он тоғыз жасқа толған шағында әскерге алыныпты. Алдымен Түркімения жеріндегі Ашхабад қаласында алты ай механик- жүргізуші оқуын бітіріп шығады.  Дайындықтан кейін ол да өзгелермен бірге сол уақытта айрықша алапат ыстықтай күйдіріп тұрған, оттай жанып тұрған Ауғанстандағы Газни қаласынан  бір-ақ шыққан. Сонымен Ауған жеріндегі қадам басқан сайын ажал сеуіп бұрқ-бұрқ еткен от пен ысқырған, ышқынған оқтың ортасына түсті де кетті. Бірақ, кішкентай кезінен қимылы ширақ, ылдым-жылдым, не нәрсені де тез үйреніп алатын жігерлі жігіт соғыс жағдайына тез бейімделді. Сөйтіп, қарулас достарымен бірге талай тажалдай тап болған айқас пен қар жастанып, мұз төсенген қиын-қыстау күндерді басынан өткерді. Ол майдандағы ең жауапкершілілігі ауыр сапёр ротасында механик-жүргізуші болды.

1983 жылы  аман-есен  елге оралады. Қазіргі кезде ауған соғысының ардагері  Дінәсіл Құрманқұлұлы  зайыбы Светлана  Жұмағұловамен бірге ел қатарлы тірлік етіп, өмір сүруде. Олар үш ұл, екі  қызы тәрбиелеп, өсірді.  Қазіргі таңда бес бірдей бүлдіршінге ата апа атанып отырған жайлары бар. Әскерден оралған соң, совхоз құлаған уақытқа дейін ауыл шаруашылық саласында еңбек етті. Бүгінде  күзетшілік жұмысында істейді.  Елім деген ердің  ерекше еңбегі елеусіз қалған жоқ.  Ауған соғысының ардагеріне Кеңес әскерінің Ауғаннан шығарылғанына 15 жыл, 20 жыл, 25 жыл, 30 жыл және ордендерімен,  «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Әскері еңбегі үшін»,  Қарулы күштер», « Ауған халқынан интернационалист жауынгерге ризашылық білдіру» медальдарымен марапатталған.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь